Адамдардың көбі ағылшын тілін үйреніп немесе білгенін жетілдіргісі келсе, қарапайым, сапалы және ыңғайлы бағдарламаларды іздейді. Ағылшын тілін барлық жерде қай уақытта болса да үйренетін 10 бағдарламаны «Қамшы» порталы ұсынады.
“Уақытым жоқ” деген таптаурын себеп табыла қалады. Негізі өте жұмысбасты адам да ағылшын тілін оқу үшін уақыт табуына болады. Ең бастысы ондағы сабақтар ұзақ және жалықтыратын болмауы тиіс. Тек қана тұрақты болса ағылшын тілін үйренуге болады. Бұл ең маңызды қойылатын талап. Ағылшын тілін үйренуді жақсы әдетке айналдырып, сөзерді жұмысқа бара жатып немесе кофе ішіп отырған кезде қайталауға сіздерге осы IOS пен Android-қа арналған бағдарламалар көмектеседі.
iCan ABC
Бұл бағдарлама ағылшын тілін жаңадан үйрене бастағандарға арналған. Әріптер пен дыбыстарды үйреніп, сөйлеуіңізді жақсартқыңыз келсе iCan ABC-ді лайықты деп бағалайсыз. Бірақ ақысыз бағдарламаны шектеулі уақытқа ғана қондыра аласыз. Бағдарлама ағылшын тілімен енді танысып жатқан балаларға жарайды.
Words
Apple редакциясы осы бағдарламаны “білім” категориясындағы ең мықты деп есептегені жай емес. Бағдарламаның базасында 8 мыңнан астам сөз бар, сонымен қатар бағдарлама офлайн режимінде қолжетімді. Ең басты айырмашылығы: бағдарлама бір қолданушыға бейімделеніп, тапсырмалар мен тесттерде алдынғы сабақта сізде қиыншылық болған сөздерді ұсынады. Егер бір сөзді анықтаған кезде қате жіберсеңіз, есіңізге сақтағанша сол сөз сізге қайта ұсынылады.
Easy Ten
Осы бағдарламаның көмегімен күн сайын 10 сөз есіңізге сақтап лексикаңызды толықтырып тұрасыз. Бағдарлама сіздің көп уақытыңызды алмайды – күніне 20 минут көңіл бөлсеңіз жеткілікті. 20 мыңнан астам ағылшын сөзі бар, арнайы жаттығу құрылғы арқылы сіздің сөйлей алу мүмкіндігіңізді жетілдіреді. Сонымен қатар сөздерді тақырып тізімдері бойынша бөліп қойсаңыз болады.
Learn English
Бағдарлама сіздің грамматикаңызды жетілдіреді және сөйлем құрастырған кезде қателеріңізбен жұмыс жасайды. Текст материалдары, аудиофайлдар мен тесттер біліміңізді толықтырады.
Rosetta Stone
Бұл бағдарлама ассоциациялар арқылы сөздерді есте сақтауға көмектеседі. Айтылуыңызды бағалайтын бағдарлама жаттаған сөздерді дұрыс айтуға көмектеседі. Бағдарлама ақысыз, бірақ ақылы мәліметтер бар.
English Grammar in Use Activities
Cambridge University Press бағдарламасы грамматикалық дағдыларыңызды жетілдіруге көмек береді. Артикльдар қолдануы, теріс етістіктер мен зат есімдерді автоматизмға дейін жеткізе аласыз.
Conversation English
Идиома мен ағылшын тіліндегі сөз тіркестерін оқуға арналған ыңғайлы бағдарлама. Conversation English арқылы коммуникативтік дағдыларыңызды, дауыстап оқуыңызды жетілдіріп, сөз қорыңызды көбейтесіз.
English At Work
Бизнес-ағылшын тілінің тәжірибесіне арналған бағдарлама. Сөйлеу, іскерлік хаттарды жазу дағдыларыңызды күшейтіп, сөздік қорыңызды жаңа сөздермен толықтырып, жұмыстағы коммуникацияда кездесетін жаңа идиомаларды жаттай аласыз.
15500 Useful English Phrases
Бұл күнделікті өмірімізде кездесетін 15 500 қызықты идиомалары бар бағдарлама-сөздік.
WordBook — English Dictionary & Thesaurus
Бұл сөздік- 15 мың сөз бен 23 мың этимологиялық сөзге бай. Сонымен қатар орфографиялық тексеруге, анаграмма құру үшін сөз іздеуге болады. Осыған қоса күн сайын бағдарлама ұсынған бүгінгі күннің сөзін жаттай аласыз. Сөздік офлайн режимінде қолжетімді.
Аталған бағдарламаның ағылшын тілі әр-түрлі деңгейдегі адамдарға арналған. Бағдарлама күрделілігінің деңгейін өзіңіз реттей аласыз. Осылайша ағылшын тілін үйренуге болады. Талаптанған адамға тіл үйрену қиын емес.
Айсұлу Тұрсынбаева