Халық банкінің алғашқы жартыжылдықтағы қорытындылары

/image/2019/08/21/crop-208_277_675x1200_haly-.jpg

«Halyk пен Qazkom-ның бірігуінің аса күрделі процесінің аяқталғанына бір жыл болды. 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында Банк клиентке бағдарлау, клиенттерге қызмет көрсету сапасын және технологиялылығын арттыратын цифрлық сервистер мен үрдістердің әрі қарай дамуына, транзакциялық банкингтің мүмкіндіктерін кеңейтуге назар аудара отырып, Топтың жаңа даму стратегиясын жүзеге асыруға шоғырланғанды болатын. Онымен біруақытта, HalykBank шекара сыртында да жоспарлы және нүктелі жылжып келеді, атап айтқанда, көршілес Өзбекстан нарығының жаңа мүмкіндіктері мен перспективаларын пайдаланып келеміз, – деп Халық банк басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова мәлімдеді, – Істелген жұмыстың нәтижесі есепті кезеңде базалық қаржы көрсеткіштерінің тұрақты өсімі, кредит қоржынының сапасын арттыру, халықаралық рейтингтердің өсуі болды, бұл қаржы институты дамуының сындарлы бағытын тағы бір рет растап отыр. Ұзаққа созылған позитивті тренд жаңа дивидендтік саясатты бекітуге мүмкіндік берді, бұл HalykBank акциялары мен ЖДҚ-ның баға белгіленуінің өсуіне жағымды әсер етті».

Таза пайда 2018 жылдың ІІ тоқсанында 24.1 млрд. теңгемен салыстырғанда 2019 жылдың ІІ тоқсанында 89.7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, бұл негізінен 2018 жылдың ІІ тоқсанында қаржылық емес активтердің құнсыздануынан болған 28.5 млрд. теңге мөлшеріндегі залалдың нәтижесінде, сондай-ақ Халық банкіне қосылуына байланысты Казкоммерцбанктің (ККБ) 2018жылдың ІІ тоқсанында 43.3 млрд. теңге мөлшеріндегі мерзімі өткен салық активін тануды тоқтату есебінен болды.

Х

Пайыздық кірістер негізінен пайыздық активтердің орташа қалдықтарының өсуі есебінен 2018 жылдың ІІ тоқсанындағы 171.0 млрд. теңгемен салыстырғанда 2019 жылдың ІІ тоқсанында 179.9 млрд. теңгеге ұлғайды. Пайыздық шығыстар 2018жылдың ІІ тоқсанымен салыстырғанда 0.6%-ға төмендеді. Таза пайыздық маржа негізінен пайыздық міндеттемелерді пайыздық активтерге орналастыру үлесін ұлғайту есебінен 2019 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 2019 жылдың ІІ тоқсанында жылдығы 5.1%-ға дейін өсті.

Клиенттерге берілетін заемдар бойынша тәуекелдің құны 2019 жылдың ІІ тоқсанында ірі проблемалық заемдардың біруақытта өтеуіне байланысты 0.3% құрады.

Қызметтер мен комиссиялар бойынша кірістер транзакциялық бизнестің, негізінен пластик карталары бойынша операциялар, сондай-ақ кассалық операциялар мен банктік аударымдар – есеп айырысу шоттары бойынша өсіп келе жатқан көлемнің нәтижесінде 2019 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 2019 жылдың ІІ тоқсанында 13.9%-ға өсті.

Интеграцияға дейін Банк пен ККБ-нің заңды тұлғаларының ағымдағы шоттары арасындағы аударымдар сыртқы аударымдар ретінде қарастырылған және оларға тиісті комиссиялар қолданылды. Интеграциядан кейін осы ағымдағы шоттар арасындағы аударымдар ішкі аударымдар ретінде қаралуда, демек, тегін болып табылады. Нәтижесінде банктік аударымдардан – есеп айырысу шоттарынан алынған комиссиялық кірістер 2018 жылдың ІІ тоқсанымен салыстырғанда 2019 жылдың ІІ тоқсанында төмендеді.

Қызметтер мен комиссиялар бойынша шығыстар негізінен Банктің эквайрингтік желісіндегі басқа банктердің карталары бойынша операциялар санын арттыру есебінен 2019 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 14.9%-ға артты.

Өзге пайыздық емес кірістер негізінен ҚРҰБ-нен свопты қайта бағалаудан ең төмен залалдың және «Halyk Life» АҚ еншілес компаниясының тартылған зейнетақы аннуитеттерінің санын арттыру нәтижесінде сақтандыру қызметінен ең жоғары кірістің есебінен 2019 жылдың І тоқсанындағы 28.5 млрд. теңгемен салыстырғанда 2019 жылдың ІІ тоқсанында 48.7 млрд. теңгеге дейін 70.8%-ға артты.

Операциялық шығыстар негізінен 2018жылдың ІІ тоқсанында 28.5 млрд. теңге мөлшерінде қаржылық емес активтердің құнсыздануынан болған залалдың есебінен және ККБ-нің Халық банкіне қосылуынан болған синергетикалық әсерге байланысты шығындарды оңтайландыру есебінен 2018жылдың ІІ тоқсанымен салыстырғанда 47.9%-ға төмендеді. Операциялық шығыстар 2019 жылдың 1 наурызынан бастап жалақы мен сыйлықақыны индекстеу нәтижесінде 2019 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 9.9%-ға өсті.

Операциялық шығыстардың операциялық кірістерге арақатынасы 2018 жылдың ІІ тоқсанымен салыстырғанда 2019 жылдың ІІ тоқсанында операциялық шығыстардың ең төменгі деңгейіне және операциялық кірістердің ең жоғары деңгейіне байланысты 2018 жылдың ІІ тоқсанындағы 44.6%-бен салыстырғанда 22.3%-ға дейін төмендеді. Операциялық кіріс негізінен таза пайыздық кірістерді арттыру есебінен 2018 жылдың ІІ тоқсанымен салыстырғанда 4.1%-ға артты.

2019 жылдың ІІ тоқсанында активтер негізінен 2019 жылдың ІІ тоқсанындағы РЕПО операцияларынан қаражаттың ағылып келуі есебінен 2018 жылдың аяғымен салыстырғанда 1.1%-ға, 2019 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 2.2%-ға өсті.

х

2019 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда клиенттерге берілетін заемдар брутто негізде 2.0%-ға және нетто негізде 2.1%-ға өсті. 2019 жылдың ІІ тоқсанында брутто негізде несие портфелінің ұлғаюы корпоративтік портфельдің (брутто негізде 1.1%), ШОБ портфелінің (брутто негізде 3.2%) және бөлшек бизнес портфелінің (брутто негізде 3.2%) ұлғаюына себепші болған.

2019 жылдың ІІ тоқсанының аяғындағы жағдайға сәйкес Stage 3 коэффициенті корпоративтік және бөлшек бизнес заемшыларының берешектерін өтеу және бұрын құнсызданған берешектерін есептен шығару нәтижесінде 2019 жылдың І тоқсанының соңында 20.4%-дан 18.6%-ға дейін төмендеді.

Заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары негізінен Банк клиенттерінің ағымдағы қажеттіліктерін қаржыландыру үшін қаражатты ішінара алып отыруы салдарынан 2018 жылдың аяғымен салыстырғанда 4.9% және 4.6%-ға қысқарды. 2019 жылғы 30 маусымдағы жағдайға сәйкес теңгеге деноминацияланған корпоративтік депозиттердің үлесі, депозиттердің жалпы сомасы 2019 жылғы 31 наурыздағы 50.3%-бен салыстырғанда 55.8% құрады, сол екі арада теңгеге деноминацияланған бөлшек депозиттердің үлесі, депозиттердің жалпы сомасы 2019 жылғы 31 наурыздағы 42.6%-бен салыстырғанда 41.8% құрады.

Кредит мекемелерінің қаражаттары негізінен РЕПО келісімдері бойынша қазақстандық банктердің заемдарының артуы есебінен 2019жылдың І тоқсанмен салыстырғанда 183.9%-ға артты. 2019 жылдың 30 маусымда Банктің қаржы институттары алдындағы 93.0% міндеттемесі қазақстандық банктердің заемдарынан (РЕПО келісімдері бойынша заемдарды қосқанда), экономиканың жекелеген секторларын қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары аясында «КазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тан және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-тан 2014-2017 жылдың тартылған заемдардан құралған.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR қызметі

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар