Әлем және Қазақстан: Экономика неге «жасылдана» бастады?

/image/2019/10/08/crop-10_2_367x490_083659112500.jpg

Жалпы жер шарын мекен еткен адам баласы бір нәрсені ұғынуы керек: экономика мен экология – егіз. Бірінсіз бірінің күні жоқ. Бірақ кез келген көкірек көзі бар пендені алаңдататын бір нәрсе бар. Ол экономика дамыған сайын экологияға шексіз зияның тигізіп келеді. Ауа ластанды, тоғай, орман қырқылып жатыр. қоқыс қалдықтары әр жерде шашылуда. Бұдан шығатын жол бар ма? Бар! Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап, экономиканы жаңғырту арқылы оны экологияның пайдасына шешу туралы әңгіме айтылып, мәселе қозғала бастады. Өткен ғасырдың 70 жылдарының басында орын алған қаржылық дағдарыстан кейін энергоресурстардың бағасы күрт көтерілді. Энергияны пайдалану күрт артты. Оның залалы да көбейе бастады. Бұдан шығу үшін не істелінгені дұрыс? Ең алдымен энергияны ұқыпты әрі тиімді тұтыну керек  және оны кез келген адам баласының санасына сіңіруі қажет. Қоршаған ортаға залалы тимегені дұрыс. Пайдалануға берілген қуат көздерін тиімді пайдалану ең басты мәселе ретінде күн тәртібіне шықты. Мұны қарапайым тілмен айтар болсақ, әлем экономиканы «жасылдандыра» бастады. Мұның бір себебі , экологиялық тұрақтылық төмендеді. Бір ғана мысал, жалпы әлем табиғи капаиталды үш нәрсемен өлшейді, атап айтқанда хайуанаттардың өмір сүруі, су ресурстары мен теңіздегі ауа мен қоршаған ортадағы экожүйенің тұрақтылығы. Бірақ мойындайтын тағы бір нәрсе бар: экологияға тигізген адам баласының зияны соңғы кездері екі есе өсті. Тіпті 2030 жылдардың ортасына қарай табиғи ресурстардың азаюы басталады. Мұны сарапшылар айқын айтып отыр. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының аяғына қарай әлемдік эколог сарапшылар дабыл қаға бастады. Осыдан кейін «тұрақты даму» деген сөз тіркесі пайда болды. Ол не? Бұл­ – болашақ ұрпақтың  тұтыну қабілетіне бүгінгілер зиян келтірмеуі тиіс. Сол үшін 1987 жылы БҰҰ мінберінен ұсыныстар айтылып, «Біздің ортақ  – болашағымыз» атты баяндама жасалды, қарар қабылданды. Ортақ жұмысты үйлестіру туралы пікір айтылды. «Тұрақты даму»  тұжырымдамасын басшалыққа ала отырып, үш мәселені  үйлестіру күн тәртібіне шықты. Ол мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық құрылымын үйлестіру. Олар бір-бірімен тығыз байланысты. Әрине, жыл өткен сайын артып бара жатқан экономикалық өсім түбінде экологиялық апат тудыратынын түсіне отырып, әлемнің дамыған елдері «жасыл экономиканы» қолданысқа енгізді. Сондай-ақ оны тиімді дамыту моделіне айналдыруды көздеп отыр.

Тарихқа назар аударсақ, ең алдымен осы тіркесті немесе өндірісте «жасыл экономиканы» Оңтүстік Корея қолдана бастады. Елу жылдан аса кедейлікті шегінде өмір сүріп, соғыстан қалжырап шыққан Оңтүстік Корея тиімді басқарудан соң ғана еңсесін көтерді. 2008 жылы ел президенті Ли мен Бак «Төмен көмірсутекті жасыл өсім» атты стратегиялық құжатқа қол қойды. Сол кезден бері Оңтүстік Корея мемлекеті жалпы ішкі өнімнің 2 пайызын жасыл технология саласына бөліп келеді. Атап айтқанда, ол не немесе  қандай сала? Біріншіден, ол –энергетика, екіншіден – көлік, үшіншіден –өндірістік және тұрмыстық қалдықтар, төртіншіден – экологиялық зерттеулер. Оңтүстік Кореяның  «жасыл экономикаға» мән бергені соншалық, тіпті елде «Жасыл өсім ғаламдық институты» халықаралық ғылыми –зерттеу ортылығы пайда болды. Бұл орталық қазіргі таңда әлемдегі жаңадан дамып келе жатқан 27 елге көмек көрсетіп отыр. Қазір аталған орталықпен бірлесіп жұмыс істейтін серістестер өте көп. Оңтүстік Корея «жасал экономиканы» қалай жандандырды, бұл сауалдың бәрін орталықтан алуға болады. Тіпті 2011 жылдан бастап Оңтүстік Корея ел халқы үшін төлемақының жасыл  картасын енгізді. Неге? Сауда орындарында қандай да қызмет ақысын төлеген кезде сіз осы жасыл карта арқылы есептесетін болсаңыз, онда сіздің картаңызға бонус түсіп отырады. Оны коммуналдық төлемақыға немесе ұялы телефонның тарифіне жұмсауға болады.  Оңтүстік Корея халқы  қазір бұл бағдарламаның пайдасын көрді әлі де көре береді. Оңтүстік Корея «Төмен көмірсутекті жасыл өсім» бағдарламасы арқылы 2020 жылға дейін парниктік газдарды 30 пайызға дейін төмендетуді көздеп отыр.

Жалпы Оңтүстік Корея ғана емес, «жасыл экономика» саласына фин елі де  ерекше назар аударғанын байқауға болады. Кейінгі бес-алты жылда Финляндия жел және күн электр стансаларын көптеп салуға  кірісті. Дерекке назар аударар болсақ, фин елі қуат көздерінің 40 пайызға жуығын осы күн мен желден алып отыр. Тіпті Финляндияда кейінгі кездері күн энергиясынан қуат алатын нысандар мен тұрғын үйлер салына бастады. Олар үй төбесіндегі күн батареялары арқылы қуат көзін өндіреді және оны сол үйдің әр пәтеріне береді. Әр пәтерде тұрақты жарық бар. Міне «жасыл инновация» немесе «жасыл экономиканың құдіреті».

Австралия да «жасыл экономикаға» зор мән беріп отыр. 2019 жылдың аяғына дейін елде әлемдегі ең үлкен күн электр стансасының құрылысы аяқталады. Бұл іске қосылатын болса, елдегі 30 мың тұрғын үй күн батареясынан электр энергиясынан жарық алатын болады. Оның үстіне Австралиядағы тұрғын үйдің төрттен бірі осы күн батареларынан қуат көзін алып отыр.

Әрине, әлем елдері «жасылдана» бастаған уақытта Қазақстанның да қарап қалуға құқы жоқ. Бізде де қазіргі уақытта «жасыл экономика» саласын дамытуға қатысты жоспар бар.  Бұл үш кезеңді қамтиды. Бұл туралы біз кезінде кеңірек айттық. Оған қайтадан тоқталудың еш қажеті жоқ. Айта кететін бір ғана нәрсе бар: Егер «жасыл экономика» жанданатын болса, онда елімізде жарты миллионға жуық жұмыс орны құрылады. Демек, адамдар тұрақты жұмысын табатын болады.

«Жасыл экономика» аталған салаға тың серпін береді. Экологиялық тепе теңдік қалпына келеді. Парниктік газдар азаяды. Ауаның ластануы төмендейді. Өндірістің жаңа саласы дамиды. Басқаларды айтпағанның өзінде Қазақстанда ауқымды ең ірі екі жоба дүниеге келді. Астанадан 30 шақырым жердегі Арнасай шағын елдімекенінде «Жасыл технологиялар орталығы» ашылғаны белгілі. Онда 35  инновациялық жоба жұмыс істейді. Мұнда арнайы оқыту орталықтары бар. Орталық қазірдің өзінде сан мыңдаған азаматтарға қосымша білім берген. Бұл орталықтан білім алған адам «жасыл экономика» мен технологияның не екенін біліп, оқып үйреніп шығады. Мұнда күн батареялары, жылыжайлар, көмір қызуын арттыратын пештер, басқа да технологиялар жұмыс істеп тұр. Бір таңқаларлығы, бұл жердегі біраз технологияларды отындық өнертапқыштар мен ғалымдар жасаған. Болашақта Арнасай сияқты «жасыл» технологиясы дамыған ауылды Қазақстанның бірнеше елдімекеніне  апару көзделіп отыр.

Сондай-ақ елімізде алғаш рет іске қосылған  TalanTowers іскерлік орталығының жағымды жұмысын да атап өткен жөн. Бұл орталықтың да әлем мойындағын арнайы сертификаты бар. Онда электр энергиясын үнемдейтін лифт, күн батареялары, күннің ыстығынан сақтайтын арнайы терезелер және тағы басқа қондырғылар бар. Аталған орталықта «жасыл шатыр» технологиясы бар. Ең бір қызығы, күн суық болғанның өзінде жасыл технологияның қуаты арқылы шатыр нысанның ішінде жылуды қалыпты ұстап тұрады. Ал жазғы айларды нысанның іші бір қалыпты температурада тұрақты түрде салқын болады.

Мұндай жобалар шүкір, Қазақстанда баршылық. Мысалы, «Батыс Қытай -Батыс Еуропа» халықаралық жолымен Қордайға қарай жол тартсаңыз, жазық далада айналып тұрған жел диірмені көзге түседі.  Бұл – жел электр стансалары. 2013 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келе жатыр. Бұл кездейсоқ та емес. Қордай асуындағы желдің жылдамдығы өте қуатты. Орналасқан жері де ыңғайлы, жылдың қай мезгілі болсын, жел соғып тұр. Одан алынатын қуат көзін қазір аталған аймақ толыққанды пайдаланып отыр.

Әлем елдерінің «жасыл экономикаға» көше бастауының басты сыры – адамзаттың игілігі үшін жасалынып жатқан қадам екені түсінікті. Өйткені бәріннен де қымбаты – адам мен оның денсаулығы. Сондықтан да өндірістік және тұрмыстық қалдықты азайтып, оны қайта өңдеп жерге мыңдаған ағаш егіп, игілікті іс жасаған кезде ғана біз экологияның бұзылуының алдын аламыз. Әлемнің және Қазақстанның «жасыл экономикаға» бет бұра бастағанының басты сыры осы.

Расында да қазіргі кезеңде  Қазақстан барлық мүмкіндікті пайдалана отырып, «жасыл экономиканы» дамытуға қолайлы жағдай жасап отыр. Барлық заңнамалар да қолданыста. Елбасы, Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаевтың Жарлығымен «жасыл экономикаға» көшу туралы тұжырымдама қабылданды. Елбасының халыққа арнаған Жолдауларында да бұл мәселе жиі айтты. Өйткені оның маңыздылығы күн санап артып келеді. 2014 жылдан бастап «Жасыл экономика» туралы заң іске асты. Сондықтан заң мен заңнама, тұжырымдама барда, экономиканың «жасылдана» түсуі құптайтын қадам дер едік.

 

 

 


 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар