Астанада 3 шетелдік азамат ғимараттан құлап өлді

/uploads/thumbnail/20170708190135542_small.jpg

Астанада  құрылыс жұмыстары жүріп жатқан ғимараттардың бірінен, 20 метрлік биіктіктегі аспалы сатыдан  3 бірдей қызметкер құлап, қаза тапқан. Бұл туралы «Қамшы» порталы ИА NewTimes.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қайғылы оқиға Астана қаласы, Тұран көшесіндегі «Көпфункционалды мұз айдыны» ғимаратында орын алған. Бұл туралы Астана қаласы ТЖБ баспасөз-қызметі хабарлаған.

«Жаңа салынып жатқан «Көпфункционалды Астана мұз айдыны» ғимараттың 20 метрлік биіктігінде монтаждау жұмыстарын жүргізіп жүрген 6 құрылысшы жіпке асылып қалған. Олар «Mabco Construction S.A» фирмасының Астанадағы филиалы қызметкерлері болған. Құрылысшылардың құлауына қолайсыз ауа-райы себеп болған. Салдарынан 3 азамат өте ауыр жарақат алып, жан сақтау бөліміне жеткізілсе, 3 азамат оқиға орнында қаза тапқан»,-дейді ТЖБ мәлімдемесінде.

Кейбір дереккөздеріне сүйенсек, қаза тапқандардың  үшеуі де де Косово Республикасының азаматтары. Қазіргі таңда олардың азаматтығы туралы мәліметтер нақтыланған және олар №2- қалалық ауруханаға жеткізілген.

Қаза тапқандар:

1. Блерин Кадриу 1981 жылы туған,

2. Беким Дурмиш – мәлімет анықталуда,

3. Азиаттық кейіптегі ер адам, мөлшермен жасы  40-45 жас.

Ауруханаға жеткізілгендер:

1. Авжи Максути 1979 жылы туған,

2. Биколи Исуф 1956 жылы туған,

3.  35-40 жастағы ер адам, мәліметтері анықталуда.

Нұрзат Тоғжан

«Қамшы» сілтейді

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар