Елімізде ауа температурасы 46 градусқа дейін көтеріледі

/uploads/thumbnail/20170708190212560_small.jpg

Қазақстанның кейбір аймақтарында осы аптада ауа температурасы 46 градусқа дейін барады. Апта бойына ауа райына жасалған болжамдарға қарап, ел Үкіметі ескерту жасады. Ішкі істер министрлігіне қарасты Төтенше жағдайлар комитеті ыстық күндердің апта бойына сақталатынын айтып отыр.

Шілденің 14-18 аралығында Қарағанды, Жамбыл облыстарында ауа температурасы 40-43 градусқа көтеріледі деген болжам бар. Бұған дейін тұрғындары аптап ыстықтан үйлерінен шыға алмай қалған  Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында шілденің 17-сіне дейін ауа температурасы  46 градусқа дейін жетпек. Шілденің 20-сына дейін Алматы облысында да күн райы күрт қызбақ. Еліміздің шығысында  күн 43 градусқа шығып, құрғақ температура тұрмақ. 

31.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар