Сонда Ермегияев қанша миллиардты жеп қойған?

/uploads/thumbnail/20170708190230794_small.jpg

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының экс-төрағасы Талғат Ермеияев бүкіләлемдік көрмеге бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікпен қамауға алынған болатын. Ермегияев ісіне қатысты тергеу жұмыстарының алғашқы мәліметтері пайда болды. Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің аппарат жетекшісі Айгүл Шаимова мәлімдеген. Бұл туралы «Қамшы» порталы kazpravda.kz - ке сілтеме жасайды.

Тергеу жұмыстарының қорытындысы бойынша «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының экс-төрағасы Талғат Ермеияев ЭКСПО көрмесінің жұмыстарына бөлінген  4 млрд. 200 млн. теңгені жымқырған. 

«Қазіргі таңда Талғат Амангелдіұлы  компанияның бұрынғы қызметкерлерімен бірге, аффилиирленген тұлғалар, жалған мердігер компаниялар жетекшілері – аса ірі көлемде бюджет қаржысын қолды қылған деген күдікпен ұсталған болатын. Қазіргі күнде тергеу қорытындылары нақтыланды. ЭКСПО-2017 компаниясының экс-төрағасы Талғат Ермегияев жымқырылған қаржының есебінен қолма-қол– 4 млрд. 200 млн. теңге сыйақы алған. Аталмыш іске қатысы бар деген күдікпен тағы 10 адам тергеуге алынған.Олардың барлығы қазір үй қамағына алынды»,-дейді Айгүл Шаимова.
Естеріңізге сала кетейік, 13 маусым күні № 2 Астана қаласындағы Алматы аудандық сотының шешімімен Ермегияев тұтқындалған. Кейін тергеу жұмыстары қорытындысы шыққанға дейін үй қамағына жіберілген. Сонымен қатар, "Астана Экспо-2017" құрылысы департаментінің экс-директоры Қажымұрат Үсенов те қылмыстық іске қатысы бар деген күдікпен үй қамағына алынған болатын.


Нұрзат Тоғжан

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар