Жыл сайын аудан көлемінде бір рет өтетін дәстүрлі мәдени іс-шарада ақындар сөз сайысына түсіп қана қоймай, қазақ ат спорты түрлерінен де бәсеке ұйымдастырылады. Биыл да сол үрдісті жалғастырған бұрылтоғайлықтар торқалы тойды думанды өткізді. Ақындар айтысы, аламан бәйге, жорға жарысы, түйе жарысы, көкпар, теңге ілу, қазақ күресі және киіз үй мен ұлттық қолөнер бұйымдарын бағалауды қамтыған іс-шара екі күнге жалғасты. Ойдан-қырдан жиналған қандастарыымызға жақында ғана Шыңжаң «Халық» баспасынан жарық көрген дарабоз ақын, марқұм Еркін Ілиясұлының кітабы таратылып, ақынды тыңдармандары сағына еске алды.
Дереккөз Baq.kz
Пікір қалдыру