Брюссельде Еуропарламент Brexit туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды Reuters агенттігі. Еуроодақтан шығу туралы келісімді 621 депутат қолдап дауыс берген. 49 депутат қарсылық танытса, 13-і қалыс қалған.
Дауыс беруден кейін палата депутаттары шотланд халқының дәстүрлі Auld Lang Syne әнін орындады.
Британия өзі 1973 жылы қосылған ұйымнан Брюссель уақытымен 31 қаңтар 23:00-де шықпақ.
Бұған дейінгі келісімдер 2020 жылдың аяғына дейін жалғаса береді. Ары қарай Ұлыбритания мен Еуроодақ ынтымақтастығы жаңа шарттар негізінде жүзеге асырылмақ. Ол бойынша келіссөздер жыл соңына дейін жүрмек.
Пікір қалдыру