Қытайлар домбыраны ауғандардың аспабы деп отыр (видео)

/uploads/thumbnail/20170708191817370_small.png

Қытайдың  «CCTV 13»  телеарнасында  тележүргізуші ауғандықтардың ұлттық аспабын "домбыра" деп атады. Ежелден қазақтың төл меншігіне айналған негізгі асапабын қытайлар ауғандықтардың ұлттық аспабымен шатастырса керек.

Қытайдың аз ұлттар ішіндегі ауған(хажала) халқы түр - сипаты қазақ халқымыздың домбырасына ұқсап қалатын бұл аспапты жұрт алдына алып шығып көрсетуге кезінде тиым салған екен. Ауған жігіт теле арнаға берген сұхбатында ендігі жерде өздерінің аспаптарымен сахнада өнер көрсетуге ешқандай тиымның болмайтынын айтты. Керісінше өздерінің ұлттық аспабын қайта жаңғырту ниетінде екен.

Гиннестің рекордтар кітабына енген қазақтың меншікті домбырасын талқышылдар сан - саққа сабылтса да, өзінің  құндылығын жоймаған   домбыраның қазақтікі екеніне сан дәлел келтірілген. Дегенмен де, қазақтың қара домбырасын ұйғырдың «дутары» мен ауғандардың ұлттық аспабымен шатастыру өзіміздің ұлттық құндылықтарымыздың насихатының аз екенінің бір дәлелі ретінде көрініс береді. «Нағыз қазақ- қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деп ұрандап, ұлағаттағанымызбен насихаттың әлі де тапшы, турасын айтқанда,  қазақты әлем тани қоймағандығы қынжылтады.

Гүлден ӘБДІБАҚЫТ

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар