Маңғыстау облысы бойынша 2015 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы

/uploads/thumbnail/20170708191842208_small.jpg

Маңғыстау облысының мектеп бітірушілер саны – 4188, оның ішінде күндізгі жалпы білім беретін мектеп оқушылары– 4176,  мемлекеттік емес мектептерде – 12 оқушы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 22.05.2015 жылғы №320 бұйрығына сәйкес, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысып  ұлттық бірыңғай тесттен босатылған оқушы  саны- 68.

 Осылайша ҰБТ-ге қатысқан оқушы саны – 2736 (65,3%), (2014 жылы –2507, 58,%),

Маңғыстау облысында  Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 3,5,7  маусым күндері төрт ҰБТ өткізу пунктерінде өткізілді.

   2014 жылы орташа балл – 74,5 болса, 2015 жылы – 75,74.  Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 1,3 баллға жоғары.  

2015 жылы «Алтын белгі» белгісіне 78 үміткердің 46 өз білімдерін   дәлелдеді (59%), (2014 жылы –74 үміткерден 40-ы, яғни 54,1%). 

Қала, аудан

Үміткерлер саны

 «Алтын белгі» иегерлері

1

Ақтау

28

17

2

Бейнеу

6

4

3

Жаңаөзен

14

9

4

Қарақия

6

1

5

Маңғыстау

7

3

6

Мұнайлы

10

7

7

Түпқараған

1

0

8

Облыстық мектеп интернат

3

3

9

Қазақ-түрік лицейі

3

2

 

барлығы

78

46

 

5 пән бойынша шектік деңгейден  538 оқушы өтпей қалды (19 %) (2014 жылы –476,19%).

5 пән бойынша 100 және одан жоғары балл жинаған  320оқушы (2014 жылы-229).

Облыс бойынша ең жоғары көрсеткіш (123 балл) көрсеткен үш оқушы:  Маңғыстау ауданы Онды орта мектебінен Мұратбеков Рауан, Шетпе лицейінен Асылбекова Айдана және Ақтау қаласындағы №4 мектеп гимназиясының түлегі Мухин Павел. 

Қатысты Мақалалар