Маңғыстаудағы кәсіпкерлікті дамыту жолға қойылған

/uploads/thumbnail/20170708191905013_small.jpg

Маңғыстау облысындағы көңіл марқайтар жетістіктер туралы «Қамшы» аз жазбады. Енді міне, өңірдегі шағын және орта бизнес туралы сөз қозғамақпыз.

Шағын және орта бизнес белсенді дамыған жерде экономика орнықты болмақ. Тек биылғы жылдың 7 айында өңірде 4 мың кәсіпкер өз ісін ашты. Бұлардың үлесі халықтың экономикалық белсенді тобының құрылымында 43 пайызға дейін өсті. Егер «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы шағын және орта бизнестің бастамашылығы қолдау тапса, ал шағын бизнестің бастамашылығы «Жұмыспен қамту – 2020» Бағдарламасы аясында жүзеге асады. Бағдарламаны іске асыру биылғы жылдың 1 шілдесінен басталды. «Бірақ, әзірге оны қорытындылау ертерек. Барлық аудандар мен қалаларда дайындық жұмысы жүргізілді, жұмыспен қамту орталықтары құрылды. Өз бетімен жұмыспен қамтылғандар мен халықтың жұмыссыздар тобының қатарынан Бағдарламаға ықтимал қатысушылар анықталды, басымдылық кәсіптік мамандықтардың тізбесі құрылып, осы мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту жүзеге асырылатын болады»,— дейді әкімшілік.

Денсаулық, білім беру саласы

Облыс әкімдігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп 2015 жылға дейін қандай мектеп, қайда салынатыны жөнінде нақты шешім де шығарып қойды. Өңірде алдағы 4-5 жылда барлығы 15 мың орындық 18 мектеп салу көзделіп отыр. Оның ішіндегі екеуінің құрылысы (Жаңаөзен қаласындағы 1200 орындық және Мұнайлы ауданының Атамекен ауылындағы 640 орындық мектептер) биыл аяқталды. Қарақия ауданының Жетібай кентіндегі, Мұнайлы ауданының Батыр және Маңғыстау ауылдарындағы барлығы 2784 орындық үш мектептің құрылысы қазір қарқынды жүріп жатыр. Мультимедиялық, лингафондық, пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 80 пайыздан астам, бұл республика бойынша Астана қаласынан кейінгі екінші көрсеткіш.

2015 жылға қарай денсаулық сақтау саласы барынша тиімді, ал халықтың сапалы медициналық қызметке қолжетімділігі арта түспек. Бағдарламаның негізгі бағыттары бұл — тұрғын халықтың, әсіресе жастардың арасындағы сырқаттардың алдын алуды күшейту, ана мен бала денсаулығының мәселелерінде жүйелі шаралар қабылдау. Биылғы жылдан бас -тап тұрақты түрде ауыл тұрғындарына консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуге арналған жылжымалы ұтқыр кешендер жұмыс істеуде.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар