Ақтау қаласының әкімі «Витебск-2015» Гран-при иегерін қабылдады

/uploads/thumbnail/20170708191901462_small.jpg

Алматы. Қамшы порталы - 15-шілде күні Ақтау қаласының әкімі Серікбай Трұмов 11-12 шілде аралығында Халықаралық «Славян базары» фестивалінің аясында өткен «Витебск-2015» балалар музыкалық байқауына Қазақстанның атынан қатысқан Гран-при иегері Луиза Нұрқуатованы қабылдап, жеңісімен құттықтады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен. 

«Славян базары» фестивалі Белоруссияның Витебск қаласында өткізіледі. «Витебск-2015» байқауында вокал бойынша 17 мемлекеттен 20 өнерпаз қатысты. 

Он жасар орындаушы «Ертегілер» вокалды тобының мүшесі. Астанадағы Президенттің жаңажылдық концертіне қатысып, Маңғыстау облысының Оңтүстік Қазақстандағы, Астанадағы, Павлодардағы мәдени күндерінде эстрада-симфониялық оркестрмен және «Молодость» джаз-ансамблімен бірге өнер көрсетті.

Луиза Нұрқуатова бұған дейін «Аялаған Астана» Республикалық балалар байқауында II-орын, Халықаралық «Алтын микрофон» балалар ән байқауында I-орын, Халықаралық «Бозторғай-2014» балалар шығармашылығы байқауының Гран-при иегері атанған болатын.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

Қатысты Мақалалар