«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКТТІК-ЖЕКЕ СЕРІКТЕСТІКТІ ДАМЫТУ» МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

/uploads/thumbnail/20170708191932296_small.png

Жақында Ақтау қаласындағы  №22«Алтын бесік» балабақшасында Маңғыстау облысының білім басқармасы  Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктер орталығы АҚ басқармасымен бірлесе отырып, мемлекеттік жекеменшік серіктестік механизмін дамыту жұмыстарын түсіндіру мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі мемлекттік-жеке серіктестікті дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстелді ұйымдастырудағы мақсаты:  Елбасымыздың тапсырмасын іске асыру, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизімін дамыту жұмыстарын түсіндіруіне әдістемелік көмек көрсету.

Шараға А.Ж.Тұржанова - Маңғыстау облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлім басшысы;Г.Д. Кызылгулова- Маңғыстау облысы білім басқармасының экономика бөлімінің басшысы;Р.Е.Сулейменов-Маңғыстау  облысының өңірлік мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктер орталығы АҚ басқармасының  төрағасы,Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығы директоры, директорының орынбасары,орталықтың жауапты мамандары және аудандық, қалалық білім бөлімдері басшыларымен жекеменшік балабақшалардың директорлары қатысты.

Қаралған мәселелер:

1. Мемлекеттік –жекеменшік серіктестік механизімін дамыту жұмыстарын түсіндіруіне әдістемелік көмек көрсету.

2. Мектепке  дейінгі  білімде, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (презентация)

3. Мемлекеттік –жекеменшік серіктестікті жоспарлау және қаржыландыру жұмыстары бойынша нормативті құжаттарымен таныстыру.

Дөңгелек үстел жұмысының барысында барлық талқылынған сұрақтар мен көтерілген мәселелер қатысушылардың ерекше назарына алынғандығы атап өтілді. Сөз сөйлегендер мен қатысушылар аталмыш іс-шараларды іске асыруға қатысты өз ойларын,ұсыныстарын,талаптарын,ұсынымдары мен механизмдерімен бөлісті. Қатысушылар сұрақтар қойып,пікір алмасты. Бүгінгі таңдағы жекеменшік балабақшасындағы өзекті мәселелерде талқылады.

Күн тәртібі бойынша дөңгелек үстелде  қаралған мәселелер жөнінде қатысушыларға толықтай мағлұматтар  берілді.

Дереккөзі: Маңғыстау облыстық білім басқармасы

Қатысты Мақалалар