Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды – Маңғыстау облысы

/uploads/thumbnail/20170708192109846_small.jpg

Ақтау қалалық сотымен сотталушы Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталған. Сотталушы Д, 2013 жылдың қазан айында    қасақана, пайдақорлық ниетпен бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатында,сенімді теріс пайдалану жолымен  жәбірленуші С.-ға ОСК ЖШС-не бухгалтер мамандығы бойынша жұмысқа кіргіземін деп 2000 АҚШ долларын алған. Алайда, сотталушы уәдесін орынды алмайтының біле тұра жәбірленушінің жоғарыда көрсетілген ақша қаражатын жымқырған. Нәтижесінде жәбірленуші С. 308 800  теңгеге материалық шығын келтірген.

Тараптардың бітімгершілікке келуі Маңғыстау облысының кәсіби медиатордың қатысуымен жасақталып, сот талқылауында жәбірленуші сотталушымен «Өзара татуласу туралы келісім шартқа» отырғандығын,  медиация тәртібімен татуласқанын көрсетіп, сотталушыға қоятын талап тілегінің жоқтығын білдірген.

21  шілде 2015 жылы Ақтау қалалық сотының қаулысымен  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының  1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық әрекет жасаған Д. медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуына байланысты Қылмыстық Кодексінің 68 бабы 1 бөлігінің негізінде жауапкершіліктен босатылып, іс өндірісі қысқартылған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 

Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі

Қатысты Мақалалар