Өткен жұма күні Германияның Мюнхен қаласындағы үйінде жүрегі ұстап ауруханаға жаткызылған Қажы Шәріп Найман ақсақал бүгін қасиеті ораза айының қадыр түнінің күндізінде Германия уақты бойынша сағат 18.45-те өтті. Тек Түркия мен Еуропа емес, атамекен Қазақстан және басқа бүкіл дүниежүзіндегі қазақтарының ардақтысы бола білген Шәріп Найман ақсақалдың дүниеден қайтуымен Түркия және Еуропа қазақтары орны толмас қазаға ұшырады. Марқұм атамызға Алладан иман тілейміз. Барған жері ұжмақ болғай! Бала-шағасына жақын туыстарына көңіл айтып қайғыларына ортақтасамыз. Ақсақалдың сүйегінін бір екі күн ішінде Түркияға әкеліп Ыстамбұл Гүнешлі Қазақкент аулындағы отбасылық бейітке жерленетіні хабарланды.
АталарыШығысҚазақстанҚатонқарағайданшыққанжәнеӘбдікәрімБолыстыңұрпағыболғанШәріпНайман 1932 жылыАлтайдатуылған. 1938 жылы Алтайдан ауа көшіп Тибет-Гималая асқан Елісхан батыр бастаған көшпен 1940 жылы Үндістанға барған Шәріп қажы бұл жерде 1967 жылға дейін тұрақтаған. Кейін Ыстамбұлға келген, одан Германияның Мюнхен қаласына өткен Шәріп Найман ақсақал басынан көптеген тауқыметтерді өткізген. Мюнхен қаласында қонақжайлылығымен танылған және қазақ десе ішкен асын жерге қоятын ақсақал қалаға қыдырып келген қонақтарға кең дастарқанынан дәм татқызбай жібермейтін.
Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алғанда жүрегі жарыла қуанған Шәріп Найман дүниежүзі қазақтарының 1992 жылғы тұңғыш құрылтайға, одан кейінгі 2000 жылғы Түркістан құрылтайына және 2005 жылғы Астана құрылтайына қатысқан еді.
1994 жылы Германияның Мюнхен қаласында өткен Еуропа қазақтарының тұңғыш құрылтайына демеуші болған ақсақал одан кейін ұйымдастырылған Еуропа қазақтарының кіші құрылтайларына да үзбей қатысып тұрды.
Қазір ақсақалдың балалары, немере-шөберелері Германия мен Түркияда өмір сүруде.
Кеше және бүгін сұлқ жатқан марқұмға бүкіл Мюнхен қаласындағы қазақтар неміс дәрігерлерінің ұлықсат етуімен барып қоштасып шыққан. Жақын туыстары соңғы дәмін бергенше басында тұрып Құран оқыған және иман айтқан.
“Отанды сүю имандан” деп отыратын Шәріп Найман ақсақал елінің және халқының қалаулысы бола білді. Халқына жаққан адамның Құдайға да жағатыны хақ. Атамыздың топырағы торқа, барған жері ұжмақ болғай!
Әбдіуақап Қара
Ыстамбұл
Пікір қалдыру