ОҚО-да 150 мыңнан астам көп балалы ана бар

/uploads/thumbnail/20170708192159406_small.jpg

Алматы. Қамшы порталы - Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі туу көрсеткіші мен көп балалы аналар жөнінен өзге аймақтармен салыстырғанда көші ілгері тұратыны туралы осыған дейін де сайтымызда жазған болатынбыз. Қазіргі күннің өзінеде жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысында 152358 көпбалалы ана бар екен. Жергілікті билік пен мемлекеттік ұйымдар өңірдегі көп балалы аналарды құрметтеп, түрлі сый-сыапат үлестіріп тұруды үрдіске айналдырып алғандай. Мысалы, өткен жолы Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Тұрсынкүл Құрманбаева өңірдегі алтын құрсақты аналарға құрмет көрсеткен.

Оның 30046-сы Алтын алқа иегері болса, 38824-і Күміс алқа таққан. Ал бұл күні 63 мыңға жуық анаға сый-құрмет көрсетілді. Қазақстан халқы Ассамблея­сының оңтүстіктегі өкілдігі қазақ жерінде ұрпақ өрбітіп, елдің ауызбіршілігіне ұйытқы болып, татулығы мен бірлігін жарасты­рып отырған өзге ұлт өкілдерінің ақ жаулықты аналарына сый-сияпат ұсынды.

7 ұл-қыздан 25 немере сүйіп отырған Мадинат Омарова мұндай құрметке риясыз алғысын білдіріп, қазақ халқының кеңпейіл, дарқан мінезін ерекше атап өтті. 

«Қиын-қыстау кезде өз жерінен орын беріп, құшағын айқара ашқан қа­зақстандықтарға риза­шы­лығым мол», - деді Алтын алқа иегері. 

Ал Парахат Ходжиметова 21 немерені бағып қана қоймай, жеке кәсіпкерлікпен де айна­лысады. Ол құттықтаушыларға алғысын білдіріп, елдің тыныш­тығы мен татулығына сызат түспеуін тілеп, ақ батасын берді, деп жазады "Айқын" газеті. 

 Дереккөзі: ҚазАқпарат

Қатысты Мақалалар