Президент Нұрсұлтан Әбішұлының бүгінгі шұғыл ауыс-түйісінен кейін, Алматы қаласын Храпуновтан кейінгі ұзақ басқарған Есімовтің қызметтен кететіні туралы ақпарат шындыққа жанаса бастағандай. Бейресми ақпарат көздеріне сүйенсек, Алматы әкімі Ахметжан Смағұлұлы Есімов әкімдік қызметінен кетіп, оның орнына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев мырза келеді деп жоспарлануда.
Есімов мырзаны әкімдіктен бұған дейін де бірнеше рет «кетіріп үлгерген» жұрт, бұл жолғы сыбысты шынайы ақпарат деп отыр. Ал Павлодар облысы әкімі, ҚР экономикалық даму және сауда министрі, ҚР өңірлік даму министрі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметтерін атқарған Бақытжан Сағынтаевтың саясаттағы тәжірбиесі жеткілікті екені рас-ақ. Алайда мәселелері қордаланып қалған еліміздің алып шаһарын басқару Бақытжан Сағынтаевтың қолынан келе ме?
Нұрзат Тоғжан