11-сынып оқушысы өзіне қол салмақ болған адамды құтқарды

/image/2020/06/29/crop-14_489_588x1045_101639840_3181826968504995_7698670838649591983_n.jpg

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі 11сынып оқушысының адам өмірін құтқарып қалғанын хабарлады.

"Арыстан" мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы Мирас Бейсен досымен Талғар қаласының орталығындағы көпір бойымен келе жатып, өзенге көпірден секіргелі тұрған ер адамды байқаған.

– Мирас еш абдырамастан, досына полиция мен жедел жәрдемге қоңырау шалуын өтініп, өзі төмен, өзенге қарай жүгірген. Буырқанған өзеннің қатты ағысынан қорықпаған ол, ер адамның қаза болуына жол бермей, оны жағаға шығарған. Сол сәтте оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем де келіп жеткен, – дейді Алматы облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары Ораз Жолдасов.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен адам Талғар қаласының 1982 жылғы тұрғыны. Ол мас күйде болған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар