Қауіп тобындағы амбулаториялық науқастарға бақылауды күшейту үшін Науқастарды мониторингтеу орталығы жұмыс істеуде. Бұл туралы бүгін «Алматы» телеарнасында өткен Akimat Live бағдарламасында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
Мониторинг орталығына түрлі саладағы 58 дәрігер, яғни терапевт, педиатрлар, пульмонологтар, аллергологтар, кардиологтар секілді мамандар жұмылдырылған. 1 шілдеден бастап Мониторинг орталығы амбулаторлық емдеудегі қауіп тобына енген науқастарға 505 кеңес беріп үлгерген.
«Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары деңгейінде мобильді бригадалардың жұмысы жалғасуда. Алгоритмге сәйкес мобильді бригада екі жағдайда науқастың үйіне бара алады: ПТР-тестке материал алу үшін және емхана дәрігерінің тағайындауы бойынша үйде емдеу үшін барады», — деді қала әкімі.
Айта кетейік, мобильдік топтар қалалық емханалардың жұмысын күшейту үшін құрылды.
Пікір қалдыру