Махаббатта мылқау болу - мықтылық

/uploads/thumbnail/20170708192656221_small.jpg

Үнсіздік  романтикасы

Бірінші жыр

Ай – тілімен айықтырар жарадан ,

Өгіз – аспан таудың басын жалаған

шақ еді бір ...

Қалқам маған қараған ,

Кірпігімен түннің шашын тараған .

 

Арманыңды ақтаруға асық деп ,

Қашады өзен маған маржан шашып тек .

Көк аспанды тар санаған көп жұлдыз ,

жанарыңа сүңгіп жатты қашып кеп!

 

Ұқсадың ба адасқан бір ботаға ?

Желмая – бұлт жетті желіп , о,тоба !

Айтылмаған әнімізді ағашта ,

Бұлбұл үнсіз түсіруде нотаға !

Тісім балқып ,

Жабысқандай мәңгі ерін ,

Қанттай бір тәтті мылқау қалде едім .

Жел үрлеген бұрымыңның ұшына ,

Созып келе жатты баяу таң қолын ...

 

Тек үнсіздік мәңгіліктің тұрағы ,

Қос бейнеміз түндерде әлі тұрады .

Жүрегіме түскен таудай әжімнен ,

Аса алмай келеді сол күн әлі ...

Екінші жыр

Тек үнсіздік айта алатын ұқтырып ,

Махаббатта мылқау болу - мықтылық .

Түйіп сақтап жүрмін тәтті сырымды ,

Қызыл тілді қызыл торғын шыт қылып ...

 

Үнсіз ғана елжіреші ,елігім ,

Онсыз дағы сөз желінен жерідім .

Ғашық  жандар періште ғой ,

Періште

тіл қатады қыбырлатпай ерінін !

 

Басымдағы арқар -арман ауа ма ?

Дауысыңды бер тек соңғы дауаға ...

Оқып тұрдым жан сырыңды жанарың ,

Кірпігіңмен жазғанында ауаға !

 

Жылап тұрып бір жарқ етіп, жәй тынған ,

Әлі алып жүр ақ сәулесін ай тұнған .

Мәңгіліктің құлағына жетер тек ,

Ақ сезімдер үнсіз тілмен айтылған !!...

 

Ана

 

Көзінен тамды-ау бір тамшы ,

Елесі ол да ұлының .

Кәрі аттай бүгін қыршаңқы ,

Кешегі ерке құлының .

 

Арттағы мен де, қарт ана ,

Ел жайын ойлап егілем .

Бұтағын саптап балтаға ,

Кесердей діңін сонымен ...

 

Қызғалдақ гүлдің құтты жыл

Теретін біздер баяғы –

Күлтелері қып-қызыл

Көзімнен жас боп тамады .

 

Сырласы қылған ақ құсты ,

Еліктеп едім асқарға –

Жыл бойы ақ қар - пәктікті

Көтеріп тұрар аспанға .

 

Жасыңды көзден тамар мың ,

Құлыным қашан келер деп –

Жырыммен тосып алармын ,

Қолымнан басқа не келмек ?...Арттағы мен де ,қарт ана ,
Ел жайын ойлап егілем .
Бұтағын саптап балтаға ,
Кесердей діңін сонымен ...

Қызғалдақ гүлдің құтты жыл
Теретін біздер баяғы –
Күлтелері қып-қызыл
Көзімнен жас боп тамады .

Сырласы қылған ақ құсты ,
Еліктеп едім асқарға –
Жыл бойы ақ қар - пәктікті
Көтеріп тұрар аспанға .

Жасыңды көзден тамар мың ,
Құлыным қашан келер деп –
Жырыммен сүртіп алармын ,
Қолымнан басқа не келмек ?...

*******

Алман сатып бір ғазалға ғасырды ,

Мәңгілікке мәрмәр қақпа ашылды .

Уақытқа тізе бүкпен ақ тудай

желбіретіп аппақ күміс шашымды .

Айналдырып жырды шексіз аспанға ,

Жанарымнан сан мың жұлдыз шашылды .

 

Иірсе де жылдар жүз жыл ұршығын ,

Қиялымның қисайта алмас қылшығын.

Жаным ашып жетім күшік – желге де ,

Үйшік қылып бердім жүрек жыртығын .

Бейнесін көрдім таудан бейуақ ,

Кеңістіктің салбыраған ұртының .

 

Кердең басқан ербеңдетіп қолдарын ,

Көріп қалам күннің дағы тоңғанын .

Еріп келед етегімді иіскелеп ,

Жетім қозы секілденіп жолдарым .

Ақын болу – шаншып қалам ұшына

Отқа қақтап өту екен өз жанын .

 

От тамызып ойым жияр отыннан ,

Өмірден де оңашалау отырғам .

Кәрі аспан да кемпірқосақ – әжімін ,

Түрлі-түсты бояуымен жасырған .

Өлсем,егер , ақ кебінге оранам ,

Уақыттың ақ шашынан тоқылған ...

 

Әмірхан Балқыбекке

 

Бүгін жарық жылынан да ұзын күн,

Ескі арбадай көңілім мың бұзылдың .

Ат тұяғын тай басқанмен,

Тұлпардың

Толтыра алар тау орнындай ізін кім ?

 

Қоғадайын жел – заманға бас ұрған,

Ақындар жүр ұлпа– миы шашылған .

Не дәрмен бар ?!?

Қарап тұрмын ...

Ай – ару

Барады өліп құс жолына асылған!

 

Үлпілдеген кекіліндей құлынның,

Келешекке келді тас боп ұрылғым .

Алып қала алмады ма өмірде

Түтіні орап соңғы досың – шылымның?! ...

 

Құдіреттен құртқа айналдық жыбырлақ,

Ықылыққа ұласуда мың ырғақ .

Ең соңғы рет соғыстырған өзіңмен

Бокалымдай барад миым шыңылдап!

 

Мынау шексіз кеңістікті жасқаған,

Кетті үзіліп бөрі үніндей асқақ ән .

Сені іздеймін Алматының қап-қара

Көшесінен қара түнге бастаған!

**********

Қара тастай көзіме түн басылды,

Тия алмадым сонда да көз жасымды .

Жаулық сынды басыңа өзге ораған,

Қысып жатыр аспан менің басымды!

 

 

Сүйіп тұрып сүйгендігін жасырған,

Мінезің бар айнымас бұл ғасырдан .

Көз алдымда тұрып алды аппақ ай,

Анарыңдай жат біреуге ашылған!

 

Өтті-кетті ...

Бәрі жалған, бәрі шын .

Нанмен бірге желінеді намысым!

Аққан жүлдыз – өткен күнге белгі қып

Көк теңізге лақтырған ақ қанытым ...

 

Құйға түсіп қалғанындай құлынның,

Ұмытылар бәрі-бәрі, ұғындым .

Мен отырмын ай -анарын ашылған,

Түтінімен бүркеп қойып шылымның .

Қалау Сәлеметбайұлы

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар