Қырғызстан конституциясына сәйкес, президент өзінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, билік Жогорку Кенештің төрағасына өтеді.
"Президент осы Конституцияда көрсетілген себептер бойынша өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, жаңа президент сайланғанға дейін оның өкілеттігін Жогорку Кенеш төрағасы атқарады" делінген конституцияның 68-ші бабында.
Бүгін Қырғызстан президенті отставкаға кететінін мәлімдеген..
Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан Республикасының президенті болып 2017 жылы сайланған .
Пікір қалдыру