Алматыдағы құрылыстан адам денелерінің қалдықтары табылды

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

photo_111948

Алматыдағы Алғабас жаңа шағын ауданының құрылысында адам қалдықтары табылғаны жөнінде "31 арнаның" жаңалықтар қызметі мәлімдеді.  Қоғам белсенділері бұл қалдықтар 1986 жылғы көтеріліс құрбандарынікі болуы мүмкін дегенді алға тартады.

"Желтоқсан ақиқаты" қозғалысының жетекші орынбасары Бейсенбай Құсбековтың айтуынша, онда тіпті, адамдарды жерлеген кездегі киімдері де сақталған. Ол: " Мен жерлеу рәсімдерін өткізетін бюроға хабарласқанымда, олар табылған денелердің бар екендігін растады. Менің ойымша, олар Желтоқсан оқиғасына қатынасқан алаңдағы көтерілісшілер. Олар  мұсылмандық жолмен рәсімделіп,  жерленуі керек. Солардың арқасында біз өз тәуелсіздігімізді алдық" дейді.

Дей тұрғанмен, Алматы ІІМ-і мұндай болжамды растай қойған жоқ. Адам қалдықтары табыла салысымен, бірден оны тексеріске жіберген. "Экспертизалық мәліметтер адам сүйектерінің тұрғанына 50 жыл уақыт болғанын дәлелдеді. Тергеу басталмай тұрып, бұл жерде  бұрынырақта мазар болғаны  белгілі болды" деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар