БҰҰ бас ассаблеясы бір ауыздан интернет қолданушылары мен электронды қарым-қатынас құраларының барлық түрелеріне жарияланған жеке ақпараттардың қорғалуын қамтамасыз ететін қарар қабылдады. Ұйымға тіркелген мемлекеттердің баршасы оны жүзеге асыруы керек.
Бразилия мен Германия ұсынған бұл шешім АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік Агенттігі төңірегіндегі шудан кейін қабылданып отыр. Агенттік миллиондаған адамдар мен мемлекет басшыларының байланыс құралдарынан тың тыңдаған.
16 желтоқсан күні АҚШ-тың федералды соты бүкілхалықтық сымтетік байланыстарын бақылап отыру Конституцияға қарама қайшы деп кесті. Аймақтық судья Ричард Леон ұлттық қауіпсіздік Агентінің бұл қызметі жеке адам өміріне заңсыз араласуы дегенді айтты. Бұл жөнінде vesti.ru ақпараттық сайты хабарлайды.
Пікір қалдыру