19 желтоқсан күні кешке жақын Мәскеудегі Кутузов даңғылында жол апаты орын алды. Төрт автокөліктің соқтығысуы салдарынан Дағыстанның вице-премьері, белгілі ресейлік қоғам және мемлекет қайраткері Гаджи Махачев қайтыс болған. Бұл туралы tengrinews.kz сайты хабарлады. Одан өзге жол апатында тағы екі адам көз жұмды. Онда болған балалар мен басқа адамдар жарақаттар алған. Жоғары қызметтегі қайраткердің қайғылы қазасы туралы хабарды ресейлік БАҚ құралдары құқық қорғау мекемелеріне сілтеме жасай отырып берген болатын. Кейіннен, бұл ақпараттың сенімділігін мәскеулік полиция қызметінің өкілдері растады. Жол апатында вице-премьердің әйелі мен балалары да зардап шеккені белгілі болды. Ауыр жарақаттар алған оларға жедел жәрдем қызметі көрсетілген. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталуда. Мәскеудің РИА НОВОСТИ мемлекеттік автоинспекциясының баспасөз қызметі апатқа кінәлі Mercedes GL көлігі дегенді алға тартып отыр. Рөлде Махачевтың өзі болған болуы мүмкін деген болжам бар. Осы аралықта апатқа куә болғандар жанып жатқан автоколікті таспаға жазып, youtobe-қа салып үлгерген. Гаджи Махачев 1951 жылы 19 наурызда Хасавюртада туылған. Ол "Единая Россия" партиясының мүшесі және екі рет Госдуманың депутаты болып сайланған. Өз өміріне бірнеше рет қауіп төнген (1992, 2003, 2006 жылдар). qamshy.kz
Пікір қалдыру