Қарусыз ел екендігіңмен мақтану-езу тартқызады

/uploads/thumbnail/20170708193722629_small.jpg

Біз кеше жастықтың желігiмен неше клуб құрып, неше ұйым ашып, солқылдап жүргенде, ол өмірге өте реалистік көзқараспен қарайтын сабаз-ақ еді. Біздің тірлігімізге қарап бір мырс етіп күлетін де, кітаптарына шұқшиятын... Енді «лопасть» керісінше айналды. Әлгі реалисім мүлгіді. Ол екеуміз бес жылдың белесінде жолықтық. Сонда оның айтқаны былай еді: «Біз ядролық қарудан бас тарқан елміз һәм осымен мақтануымыз керек», - дейді. О, неткен гуманист! Адамзатқа бейқұт өмір тілеп жүрген Оның сөзі қол соқтырарлық. 
Маған сонда мынадай ой келді: Кенесары ханың тұсында бар мықты қаруымыз; қолдан соққан шамқал, күлдір-мамай һәм шиті мылтық-тын. Олар сол қаруларымен мұздай темір құрсанған патша өкіметімен соғысты. Есеп 300:0. Сол тұстағы қазақтардың гуманистік-бейбітшілдігі ұстап «біз зеңбірексіз елміз» деп мақтанса... еріксіз езу тартар едіңіз. Ертең сіз де сөйтесіз...

 

Бақытбек Қадырұлы

Қатысты Мақалалар