Маңғыстау облысында мұнай сервисі кластерін құру жобасын тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға кірісті

/uploads/thumbnail/20170708193722091_small.jpg

Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтың қатысуымен өткен мұнай сервисін,  аймақтағы инжинириг және  кадрларды әзірлеу Орталығын құру мәселелері бойынша өткен мәжіліс барысында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев хабарлады.

Алик Айдарбаев Маңғыстау облысын дамытудың келешекке арналған іс-шаралар Жоспарының бір пунктін және ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген ҚР перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасын орындау аясында 2014 жылы Ақтау қаласында мұнай сервисі кластерін құру тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыстар басталғанын атап өтті.

- Дүние жүзінің бірқатар алдыңғы қатарлы кеңес беру компанияларының пікіріне сәйкес, Маңғыстау облысы Каспий аумағындағы № 1 аймақтық мұнай сервисі кластерін құрудың барлық мүмкіндіктеріне ие. Облыстың географиялық жағдайы, әлемдік компаниялар-металл өңдеудің көшбасшылары Кеппел, СайПэм және Розетти  кәсіпорындарымен салынған инвестицияның жоғары пайызы, көп мөлшердегі ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының орналасуы аймақтың шынайы басымдақтары болып табылады. Бұдан басқа, бүгінде Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде Магдебург институтымен бірлесіп инженерлер дайындау үшін Орталық Азияға арналған инжиниринг Орталығын құру бойынша жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді.  Біз аймақта мұнай сервисі өндірісін құру бойынша инвесторлармен жұмыс істеуге дайынбыз, сонымен қатар біздің жобалау ұйымдарымыз бен өндірістік компанияларымыз да оған қатысуға қызығушылық танытуда, - деп атап айтты Алик Айдарбаев.

 Аймақ басшысы елдегі мұнай өнімдерін әзірлеу жобаларын жүзеге асыруға қатынасушы жобалау компанияларын Қазақстан аумағында филиалдар мен бірлескен кәсіпорындар ашуға міндеттеуді ұсынды, бұл өз кезегінде жергілікті ұйымдардың өндіріс құруға қатынасуларына шынайы мүмкіндік береді.

 Мәжіліс қорытындылары бойынша энергетика, индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Маңғыстау облысы әкімдігі, ҚР және Каспий аумағының мұнай-газ және мұнай сервисі компаниялары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қоры топтарының мүшелерімен қарқынды күнделікті жұмыс істеу үшін бірлескен жұмысшы тобы құрылды, сонымен қатар жобаның жүзеге асырылуының ай сайынғы ахуалын қадағалауға арналған басқарушы комитет тағайындалды.

Қатысты Мақалалар