Қазақстанда қанша Қытай азаматы жұмыс істейтіні белгілі болды

/image/2021/03/19/crop-7_59_662x1178_18.24.24.jpeg
2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда ресми түрде 14086 шетелдік жұмыс істейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Оның ішінде 637 адам басшы және олардың орынбасары, 3 214  адам құрылымдық бөлімшелердің басшысы, 7 236 адам маман, 590 адам білікті жұмысшы болып қызмет етеді. 689 адам маусымдық қызметте, 1 720 адам корпоративтік ауыстыру шеңберінде еңбек етеді.

Еңбек миграттары келген ел бойынша көрсеткіш төмендегідей.

3613 адам адам Қытай азаматы, 1484-і Түркия, 1106-і  Үндістан,  1002 адам Венгрия азаматы, 654 жұмысшы Өзбекстаннан келген.

Жыл сайын елге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгіленеді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құраған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар