Шетелден келетін қазақстандықтар үшін жаңа өзгеріс қабылданды

/image/2021/03/19/crop-9_15_534x949_1585652098_news_b.jpeg
Қазақстанда міндетті ПТР-тестілеу құнын демалушы азаматтар есебінен туроператорлар пакетінің құнына енгізу туралы шешім қабылданды.

Бұл шешім туристік операторлармен, "Атамекен" ҰКП-мен, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен талқылау қорытындысы бойынша қабылданды.

Бүгінгі таңда шетелден келгендердің 80%-ы ПТР тестсіз оралады. Олардың 41%-ы Египеттен, 27%-ы Мальдивтен, 16%-ы БАӘ-нен және 8,3%-ы Түркиядан келген.

Шетелден келген демалушылардың 80%-ында коронавирус инфекциясы анықталып отыр, оның ішінде: Египеттен – 96 адам, Түркиядан – 50, БАӘ-ден – 51.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар