Қытай мен АҚШ сауда келісімдері ашулы жағдайда өтті

/image/2021/03/19/crop-5_26_493x971__117628251_066305972.jpg

АҚШ пен Қытайдың Аляскада өткен жоғары деңгейдегі келіссөздері бір-біріне өткір сын айтумен өтті.

Қытай шенеуніктері АҚШ-ты "Қытайға шабуыл жасауға" үгіттеді деп айыптады, ал АҚШ "Қытай әлсіздерді басынды" деп мәлімдеді.

Екі алпауыт елдің қарым-қатынасы бірнеше жылдан бері шиеленісі жағдайда өрбіп келеді.

АҚШ Шыңжаңдағы қазақ, ұйғыр сияқты мұсылман азшылықтарға Бейжің тарапынан жасалған қысым мәселесін көтеруді жалғастыратынын мәлімдеді.

Аляскадағы ашулы және бір-бірін айыптауға толы жағдайда өткен келіссөздерге АҚШ тарабынан мемлекеттік хатшысы Антоний Блинкен мен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Джейк Салливан қатысса, Қытайдан жоғары сыртқы саясат қайраткері Ян Цзечимен және сыртқы істер министрі Ван И келді.

Блинкен тікелей ашылу мәлімдемесінде АҚШ-тың үлкен алаңдаушылығы ретінде Қытайдың кейбір іс-қимылдарын, оның ішінде Шыңжаң, Гонконг, Тайвань мәселесін айтты. Оған қоса, АҚШ-қа кибер шабуылдар және Бейжіңнің экономикалық мәжбүрлеуі екі ел арасындағы түйіткіл екенін айтты.

"Бұл әрекеттердің әрқайсысы жаһандық тұрақтылықты сақтайтын ережелерге негізделген тәртіпке қауіп төндіреді" деді ол.

Бұған жауап ретінде Ян Вашингтонды өзінің әскери күші мен қаржылық үстемдігін басқа елдерді басып-жаншу үшін пайдаланды деп айыптады.

"Бұл тауар айналымына кедергі келтіріп, кейбір елдерді Қытайға шабуыл жасауға итермелейді" деп қосты ол.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар