КазТАГ ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жолаушы тасымалдайтын темір жол көліктерінің тарифі 7% -ға дейін қымбаттайтын болады.
ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәліметінше, 2013 жылдың 18 желтоқсанынан бастап, №07-10-32/18680 Қаулысымен «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен "Шет аймақтарға тасымалдау" АҚ-ы артық шығындалуды болдырмас үшін темір жолмен жүру тарифінің 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғарылайтынын мәлімдеді.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Облысаралық және халықаралық темір жол тасымалының барлық бағытына поездармен жол жүру ақысы 7%-ға көтеріледі.
Компания басшылары мұндай шешімге негіз болған мәселе отын-энергетикалық ресурстардың қымбаттауы мен жүргіншілердің жолда қолданатын заттарына пайдаланылатын шығынның есебінен деп түсіндіреді.
Қатты отынмен жабдықтау бағасының өсуі, сумен қамтамасыз ету бағасы - 7%, вокзал үйіне кететін шығын орта есеппен - 13%, вагондардың күрделі жөндеуіне кететін қаржы орта есеппен - 48%, паровоз депосына - 7%, вагонды тіркеуден ағытуға – 7%-ға дейін шығын кетеді.
Сонымен қатар, 2014 жылы 5 жаңа жүйрік қозғалыс маршруттары ұйымдастырылып, олар мына бағыттар бойынша жолаушы тасымалдайтын болады: Астана-Қызылорда, Алматы-Ташкент, Астана-Защита, Алматы-Защита мен Алматы-Ақтобе.
Пікір қалдыру