ҚазАқпараттың хабарлауынша, экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өмірияевті ұстау фактісін нақтылады.
Айта кетейік, кеше вице-министр М.Өмірияевтің пара алғаны үшін ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол мемлекеттік сатып алулар бойынша оң шешім шығарғанына 100 мың доллар көлемінде пара алған деген күдік бар.
39 жастағы М.Өмірияев бұған дейін «Русские фермы» халықаралық қорының бас директоры, Алматыдағы «Южный центр» ЖШС қаржы директоры, «Президент пен Үкіметтің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМКК директоры болған, ал 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған.
Пікір қалдыру