Қазақстан-Қытай шекарасында «Бақты-Покиту» өткізу пункттерінде ресми түрде ауыл шаруашылығы өнімін жылдамдатып өткізетін «жасыл дәліз» іске қосылды.
«Жасыл дәліздің» ашылу салтанатына ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Игорь Тен мен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов қатысты.
Бүгін біз ашқан «Жасыл дәліз» - алға қойылған міндеттерге қол жеткізудегі маңызды қадамдардың бірі. Ол көкөністер мен жемістерді жеделдетіп өткізуге арналған. Осындай мақсатпен «Бақты» кедендік бекетінде қайта құру жүргізіліп, жеке жолақ бөлінді.
Облыстық әкімдіктің ақпараты бойынша, ШҚО мен ҚХР ШҰАА арасындағы тауар айналымы 560 млн. долларды құраған, оның 380 млн. доллары экспортталады және 180 млн. доллары импортталады.
Қытайдың Бас кезендік басқармасының төрағасы Хуан Шэнцян «Покиту»- «Бақты» өткізу пунктеріндегі «Жасыл дәліз» Қытайдың іргелес елдермен бірлесе ашқан алғашқы дәлізі екендігін хабарлады.
ШҰАА үкіметінің өкілі қазақстан-Қытай шекарасында 5 өткізу бекетінің бар екенін хабарлады. «Қазақстан мен Қытай шекарасында т»әжірибе жүзінде ашылған «Жасыл дәліздің» сыртқы саясатта маңызы зор және екі ел арасындағы ынтымақтастықта үлгі бола алады», - деп атап өтті Ши Даган.
Еске асал кетейік, екі елдің ауыл шаруашылығы өнімдерін кедендік бақылаудан тез өткізу бойынша «жасыл дәліз» құру жөнінде келісімге ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің қыркүйек айында ҚР-ға жасаған сапары барысында қол жетті.
«Бақты» бақылау бекеті ШҚО-ның Үржар ауданында облыс орталығы Өскеменнен 600 шақырым жерде орналасқан.
Қазақстан-Қытай шекарасында «Жасыл дәліз» салтанатты түрде ашылуы тәжірибе жүзінде, мұндай режимде ол бір ай көлемінде істейтін болады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Пікір қалдыру