Ал Қыдырәлі Болманов «Астана» арнасы тілшісіне берген сұхбатында, қазылар алқасы дұрыс іріктелмеген деп мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, қазылар құрамында бұл саланың барлық жанрын түсінетін жан аз болған. Осының салдарынан кей әншілер тым төмен баға алды, дейді.
Қыдырәлі Болманов, продюсер, «Turkvizyon» ән байқауының қазылар алқасының мүшесі:- 24 адам қазылар алқасында отырған, олардың көбісі мамандар емес. Олар шоу-бизнесті игермеген адамдар. Шоу-бизнестің тұнып тұрған технологиясын назарына ала қоймайтын адамдар деп есептеймін. Біріншіден, өте асығыс уақытта болды. Өте тығыз уақытта. Дегенмен, ең бастысы болды. Ең бастысы басталды.
Еске саламыз, түркі әлемінің басын қосқан шара Түркияның Эскишехир қаласында өтті. Байқауда әзірбайжандық әнші Фарид Гасанов жеңімпаз атанды. Ал Қазақстан атынан барған «Ринго» тобы ойламаған жерден тоғызыншы орынға түсіп қалды. Ән мен әншілерді бағалау бойынша осы топтың продюсері Алуа Қонарованың да айтары барға ұқсайды. Қонарова Твиттердегі шағын блогында «Бұл қазылар алқасының шешімі. Толығырақ, елге келген соң болатын баспасөз мәслихатында естисіздер» деп жазды. Соған қарағанда «Turkvizyon 2013» аяқталғанымен, дауы бастау алатын түрі бар.
Пікір қалдыру