Қазіргі базарлардағы көкөністердің қайдан, қалай әкелініп жатқандығы жөнінде, олардың құрамы жайында біріміз естісек екіншіміз біле бермейтін шығармыз. Әрбір отбасының дастарханында сырты жылтырап тұратын алма, шие не басқа да жемістердің ішінде қандай сыр сақталғанын ешкім ойына да алмаса керек. Жаңа заман технологиясы арқасында бүгінде кез келген затты жасап шығаруға мүмкіндік бар, тіптен өсімдіктер мен жануарлардың Құдай тағала жаратпаған жаңа түрлерін өсіріп жатқандығына таңдануға болмайды. Жаз мезгілі әлі шыға қоймаған шақта сауда қатарына жайғасқан қауын – қарбыздың, кәдуілгідей емес, келсаптай болған қияр мен қызанақтың құрамына биотехнолог ғалымдар не араластырып отыр? Мұндай жолмен тез өсіп, лезде жетілген көкөністер мен жемістер адам өміріне қаншалықты қауіпті?
Жалпы, саудаға шығарылған мұндай тауардың халық шошынатын екі түрлі қаупі бар. Біріншісі гендік модификациялау болса, екіншісі Қытайдан әкелінген көкөністер. Гендік модификациялау ұғымына өсімдік түрін биотехнологиялық жолмен кездесетін түрлі кедергілерге, яғни суыққа, ыстыққа төзімді, кеміргіштерге қарсы улы заттар қосып тез өсіп шығатындай етіп жасау. Аталмыш терминнің ғылым саласына енгеніне біраз уақыт болып қалса да, оның айналасындағы даулы мәселелер әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Ғылымның бұл саласы бүгінде тек жануарларға қатысты емемс, адамдарға азық-түлікті де жасап шығаруды қолға алды. Мәселен, әрбір өсімдікке, оның сақталу мерзіміне байланысты әртүрлі жәндіктер мен жан-жануарлардың гендерін қосады: топ-томпақ көздің жауын алар қып-қызыл қызанаққа акуланың азу тісін, ал картопқа мұсылмандар харам санайтын доңыздың, жалтыраған қап - қатты алмаға шаянның гені енеді. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мұндай жолмен алынған азық- түліктердің адам ағзасына зияндығы жөнінде Ресей ғалымдары дәлелдеген. Ал гендік өзгерісек ұшыраған бұл азықты саудаға шығаруды өз кезегінде Қытай мықтап қолға алған. 9,2 миллион шаршы шақырым жерде екі миллиардтай халқымен нығыздалып отырған Қытай халқы еркін егін салып, жағасын жайлауға жіберіп қоюына мүмкіндігі жоқ екенін ескерсек, онда жасалған жемістердің сапасы туралы сөз қозғаудың өзі артық сияқты болып көрінеді. Әлемде жеті миллиард халық болса, соның бір миллиардқа жуығы ашығып отыр. Алды азық- түлікпен қамтамасыз ету үшін жер шарының ғалымдары, Америка, Англия елдерінің ғалымдары гендік модификацияның көмегімен, Африка, Индия, Кения сияқты бірқатар елдерге тамақ жеткізуді қолға алғанмен, өз еліне мұндай жолмен өсірілген өнімдерді мемлекет деңгейіне жеткізбеген.
Жемістерге жасалатын гендік модификацияға байланысты мамандар мен қарапайым халықтың пікірін білу үшін біз көк базардағы адамдар мен азық-түлікті тек сенімді сауда орталықтарынан алатын Қазақ Тағамтану Институтының президенті Төрегелді Шармановпен әңгімелесіп қайттық. Оның пікірінше, гендік модификация адам ағзасы үшін ешқандай да зиянын тигізбейді екен. «Ә» дегеннен бұл жолмен пісіп жетілетін өсімдіктер мен оны жасап отырған ғалымдарды жақтай кетті. Өз сөзінде ол: «Халық саны артты, жердің құнарлылығы азайып барады. Гендік модификация жасау арқасында өнімдердің саны артады, адамның өмірін сақтап қалу үшін оның денесіндегі инсулинды да қосылыс ретінде пайдаланады», -деді. Демек, жан-жануарлар тұрмақ адамның өз гені де қосылатын болып отыр. Осыдан бірер жыл бұрынғы «Кока-колаға» жәндікті қосады екен деген мұсылман халықты даурықтырған мәселе бұның қасында елемес дүние болып қалғандай. Базардың сыртында сатылып жатқан көкөністер мен оның ішінде саудаға қойылған, яки баршаның қалтасы көтере бермейтін сауда орындарындағы жемістердің бағасы әрқалай. Көк базардың сыртында нәпақа тауып отырған орта жастардағы сатушы бізбен әңгімелесуге келісті. Ол: «Мына сатылып жатқандардың барлығы Қытайдан келеді. Химиялық тыңайтқыштардың көмегі шығар, ұзақ сақталады. Бұл бізге тиімді. Ал денсаулыққа қаншалықты зиян екенін бағамдап көрмедік», - дейді.
Замира Пулатова
Пікір қалдыру