ҚР Бас Прокуратурасы мен ұлттық экономикалық кәсіпкерлік палатасы бірлескен меморандумға қол қойды

/uploads/thumbnail/20170708151108594_small.jpg
 

 

 

 

BNews.kz сайтының хабарлауынша, бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Дауылбаев Асхат пен Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы президиумының төрағасыТимур Кулибаев өзара ынтымақтастық әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды. 51b49f77c15430758d0223e8e374342c

Асхат Дауылбаев мырза  ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша, табыскерлікті прокурорлар тарапынан тексеру нәтижесінде бизнесті қорғау өрісінде  11 мыңға жуық  тәртіп бұзушылық тіркелгенін айтты.

"2,5 мың негізделмеген бизнес субъектілерін тексеру орын алған. Кәсіпкерлердің құқығына қатысты  997 заңсыз актілерге өзгертулер мен түзетулер енгізілді. 13 мыңнан астам жеке табыскерлердің құқықтары қорғалды. 1220  заңсыз әрекет етуші тұлғалар әр түрлі жауапкершіліктерге тартылды. Сонымен қатар, былтырғы жылмен салыстырғанда, жоспарланбаған тексерістердің саны 10 есеге қысқарған," -дейді  Асхат Дауылбаев.

Ұйымдастырушылар  бұл реттелген іс-шаралардан кейін тексерістердің  енді бір жүйеге келгендігін атап өтті. Бас прокуратураның реформаланған жүйесіне байланысты кез келген заңсыз әрекеттерді бақылайтын арнайы мобильдік топтар ұйымдастырылған.

Тимур Кулибаев: "Біз аймақтық кәсіпкерлердің өкілдер палатасын және жергілікті әкімшілік басқару жүйесін  құрдық. Бүгінде олар өз жұмысын бастап кетті. Меморандумда кәсіпкерлік дирекцияларға қатысты құқық қорғау мәселесінің барлық пункттері бекітілген,"- деп  баға берді.

Оның айтуынша, ендігі кезекте жеке кәсіпкерлікті дамыту мен оны әрі қарай ұтымды жүргізу тиімді қолға алынды.

Іс-шара барысында 2014 жылға арналған Бас прокуратураның ҚР Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасына қатысты бірлескен жоспар жобасына да қол қойылды. Құжат Қазақстанның барлық аймақтарын қамтиды. Онда прокуратура мүшелерінің "сенім сымтетіктері" мен түрлі қиындықтарды шешуге бағытталған карталар жасау сынды өзге де мәселелер қарастырылды.
qamshy.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар