Шахмат ханшайымы Жансая Әбдімәлік «Барыстың» қатарына қосылды

/uploads/thumbnail/20170708151108207_small.jpg

61c892374990bdccea2878f7ff5729da

Астанада үшінші рет «Халық сүйіктісі -2013» премиясымен марапаттау салтанаты болып өтті. Көптеген аталымдар қатарында саясаткер, эстрада жұлдызы, шенеунік, журналист, блогер, бизнесмен, қоғам қайраткері, саясаттанушы және спортшылардың үздіктері таңдалды. Барлығы 14 аталым бойынша 367 үміткер бақ сынады.

Үздік спортшы, дәлірек айтсақ, «Респект-спортшы» аталымында Қазақстандық жас шахматшы Жансая Әбдімәлік жеңімпаз атанды. Диплом мен дәстүрлі «халық сүйіктісі» мүсіншесін оған «Барыс» хоккей клубының жаттықтырушысы, 6 олимпиадаға қатысқан ғаламшардағы жалғыз спортшы Раймо Хелминен және Спорттық баспасөз қауымдастығының президенті Ілияс Омаров тапсырды. Салтанатты рәсім ұзаққа созылды. Сонда марапаттаушылар Жансаядан : «Ал сен Санта Клаусқа сенесің бе?» деп сұрады. «Иә» деген жауап алған Раймо Хелминен Санта Клаус отанынан келген спортшы ретінде қосымша сыйлыққа шахматшының сүйікті 12-ші нөмірі және оның тегі жазылған «Барыстың» спорттық жейдесін тапсырып, салтанатты рәсімге қатысушыларды таң қалдырды. Дауыс беру бір ай бойы екі кезеңде өткені белгілі. Бірінші кезең Facebook әлеуметтік желісінде өтті. Екінші кезең «Халық сүйіктісі -2013» Ұлттық Премияның ресми сайтында өткізіліп, онда бірінші кезеңде көбірек дауыс жинаған төрт финалист өзара жарысқа түсті. Дереккөз: baq.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар