"Жұлдыздар отбасы" журналының "Жыл әні-2013 " концерті

/uploads/thumbnail/20170708151107680_small.jpg

1474419_576859775732191_1656996051_n20  желтоқсан күні сағат 19:00-де Республика сарайында өткен: "Жұлдыздар отбасы" журналының "Жыл әні-2013 " концерті дәл уақытында басталды. Қазақтың тойы кешігуші еді, бірақ бұл жолғы "Жұлдыздар отбасы"  журналының 10 жылдық мерейтойы мен "Аңыз адам" журналдарының оқырмандарына ойнатылған «20 жылқы+2 түйе» және АВТОКӨЛІК табысталатын кешке халық лық толды.

Концерт басталарда той иесі табылмай қалғандықтан, кешті  белгілі театр сыншысы Әшірбек Сығай алғысөз айтып, бастап берді: "Жұлдыздар отбасы журналына үлкен сәттіліктер тілеймін. Оның қызметкерлеріне осынша кісіні жинау  оңайға түспеген болар, жаңа көрдіңіздер, басшысы табылмай жатыр. Кісіні күту қашан да қиын. Әманда жақсылықта кездесейік. Тойларыңыз құтты болсын! Барлығыңызға денсаулық, табыс тілеймін!", - деген Әшірбек ағамыз  ең алғашқы жылқының иегерін атады.

Мерейтойға келеді деп жоспарланған әншілердің  90 %  өнер көрсетті. Оның ішінде келу -келмеуі күмәнді екі бірдей сүйікті әншіміз: Мақпал Жүнісова мен Қайрат Нұртас та сахнадан табылды. Көрерменнің ыстық ықыласына бөленген Мақпал апамыз екі әнін орындады. Ол журнал қызметкерлерінің қаламы мұқалмай, әншілердің сырласы болып қала беруін тілеп, былай деді: "Бізді осылай концертке шақырып, шығарып тұрғандарына көп-көп рахмет айтамын. Басқа арналар енді... Айтып кете берейін,  отыз бірінші арнаны қараңыздар, басқа арналардан мені көрмейсіздер..." деп, "Адамдар мені кешіріңдер" атты әнін айтып, халыққа көкірегіндегі шерін бір тарқатып алды.

1476181_556280777790232_710164316_nАл Қайрат Нұртасты сахнаға шақырған кеш жүргізушісі Олжас Сыдықбаевпен бірге халық 2 минут уақыт оның шығуын күтті. Қайрат бір ғана әнін айтып: "Қайран Шымкентім-ау" деп жылқыны ұтқан ОҚО оқырманының атын атады.

Концерттің ортасында кештің ұйымастырушысы Жарылқап Қалыбай  бұл тойдың  Республика сарайы басшыларымен өте қиын басталғандығы жөнінде айтып, кеш шыққанына кешірім сұрады. Ол тек журнал оқырмандарын ғана емес, қоғам қайраткерлері мен эстрада жұлдыздарына да  сый-сыяпат көрсетті. Соның ішінде "ХХІ ғасырдың "Оян қазағы" деп аталған Асылзат Арыстанбектің поэзиясына жоғары баға беріп,  Республикалық спорт колледжінің басшысы Амалбек Тшановтың жастар спортына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, "Қазақфильмнің" басшысы Ермек Аманшаевтың да еңбегі ескерілді.  

Жарылқап Қалыбай: ""Адам ата- Хауа ана" газетінің шыққанына он үш жыл болды. Арасында оқырманға жүлде  ұйымдастырып жүрміз. Ең алғашқы жүлдені тек бір ғана компьютерден бастағанмын. Сол компьютер келесі жылы екі компьютер болды, үш, содан  төрт компьютер болды. Одан өсе келе, міне, бүгін автокөлікке де жеттік. Бұдан кейін аэропланға жете берейік. Осыдан он жыл бұрын алғашқы компьютерді ойнатқан кезде Қарағанды облысы Балқаш ауданында бір мүгедек бала бар екен. Бір жерден құлап,  қолы бір аяғы істемей үйінде жатып оқиды екен. Компьютердің енді-енді  шығып жатқан кезі болатын, сол бала: " Осы "Жұлдыздар отбасының" компьютерін мен ұтып алсам екен..." деп армандаған екен. Құдайдың құдіреті,  ұтыс тура сол балаға түсті. Менің айтайын дегенім, мына біздің жиырма жылқы, екі түйе және автомобиліміз шалқыған бай емес, әлеуметтік жағынан жағдайы қиын отбасыларға түссе екен деп тілеймін".

Автомобильді Балкен Тұрсынбаева атты оқырман иеленді. Ұтыс : Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы , Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұратын оқырмандарға бұйырды.  

 qamshy.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар