Бір тәулікте елде 1148 адамнан коронавирус табылып, 67 науқастан пневмония анықталды. Коронавирус жұқтырған 445 науқастың жағдайы ауыр. 2 адам пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы ресми саны 407531 адамға жетсе, 2020 жылғы 1 тамыздан бастап жүргізіліп келе жатқан пневмония статистикасына сәйкес, 56479 адамнан пневмония анықталған.
19 маусымдағы ақпарат бойынша 21 280 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 6327 пациент стационарда, 14 953 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандардың арасында 445 адамның жағдайы ауыр, 103 пациенттің жағдайы өте ауыр, 65 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2021 жылғы 9 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 2 719 987 адам, II компонентін 1 625 866 адам салдырған.
Пікір қалдыру