Ресейдің Кемерово облысында ұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан 4 адам қайтыс болып, 15 адам жарақат алды. Бұл туралы РИА Новости сайты хабарлады.
Сайт мәліметінше, Л-410 ұшағы Кемерово облысы Промышленнов ауданы Журавлево ауылының маңында апатты жағдайда қонған. Нәтижесінде екі парашютші нұсқаушы мен екі ұшқыш қайтыс болды. 4 адамның жағдайы ауыр, 11 адамдікі орташа.
Ұшақ бортында 19 адам, 17 жолаушы және 2 экипаж мүшесі болған.
Зардап шеккендер Ленинск-Кузнецк шахтерлеріндегі ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнында құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
Пікір қалдыру