Президент Тоқаев бүгін бейнеүндеу жасайды

    Президент Тоқаев бүгін бейнеүндеу жасайды Фото: Ашық дереккөз

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұрпақ теңдігі" атты жаһандық форум қатысушыларына бейнеүндеу жасайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebookпарақшасында хабарлады.

    "Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 21:30-да Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "БҰҰ – әйелдер" құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған "Ұрпақ теңдігі" атты жаһандық форум қатысушыларына бейне үндеу жасайды" делінген жазбада.

    Виртуалды форматта өтетін жиын гендерлік теңдік саласындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналған.

    Форумның негізгі мақсаты – осы процеске тартылған барлық қатысушының нақты міндеттемелеріне негізделген көпжақты механизм қалыптастыру.

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025