Путин мен Обама Сирия мен Украина мәселесін талқылады

/uploads/thumbnail/20170708195040247_small.jpg

БҰҰ – АҚШ президенті Барак Обама мен  Ресей басшысы Владимир Путин кешегі екі жақты кездесуде Сирия мен Қиыр Шығыс мемлекеттеріндегі қақтығыстарды шешу мәселесі жөнінде өзіндік кереғар көзқарастарымен бөлісті. Алайда, бұл жолы да екі қошқардың басы бір қазанға сыймады. Екі жақты  мәселенің шешімін бірге табуды көздегенімен, аталмыш аймақтағы келеңсіздіктерге екі ел бірін-бірі айыптамен уақыт өткізді. Бұл туралы «Қамшы» порталы «The Washington post»  басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 «Ресейдің мақсаты ISIL-ге барып, ондағы үкіметті қолдау» - деді шенеунік. Әкімшілік өкілдері Ресейдің бұл қадамы Сириядағы бүлікшілерді тыныштандыруға емес, керісінше, Асадтың оппоненттеріне қарсы күресінің күшеюіне алып келуі бек-мүмкін деп, мазасыздық танытты.

Обама сөйлеген сөзінде Ресейдің Сирияға әскери күш-қуат бағыттап, сонымен қатар украиндықтарға қолдау көрсетуін ұсынды. «Біз мұндай қадамға қақтығыстарды басу үшін баруға міндетті екенімізді және мұның терроризмді жойып, мемлекеттің ішкі істеріне шетелдік жақтардың араласуын тоқтатудың жалғыз ғана жолы екенін айтқан болатынбыз».

«Мен бүгін сіздердің алдарыңызда тұрып, біздің, бүкіл әлем халықтарының, қақтығыстарды жою жолында зорлыққа толы іс-әрекеттері мен ескі әдістерге оралмайтындығымызға сенгім келеді. Біз өткенге орала алмаймыз! Егер біз бірігіп жұмыс істей алмасақ,  салдарынан өзіміз қиналамыз». Путин, өз кезегінде, Батыс елдерінің Ирак пен Ливияға демократияны таңуының салдары Қиыр Шығыс пен Солтүстік Африкадағы төңкерістерге алып келгенін айтты. Аталмыш аймақтардағы халық игі өзгерістерді қалағанымен, «демократиялық триумфтың» орнына «зорлық-зомбылық пен әлеуметтік апатқа» тап болғанын мәлімдеді.

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында әр көшбасшы жаһандық тұрақтылыққа қажет әрі халықаралық нормаларға сай сыртқы саясатты ұстанатындығымен бөлісті. Кейінірек, сол күні екі ел басшысы өзара келіспеушіліктерін талқыға салу әрі серіктестіктің мүмкіндіктерін қарастыру мақсатымен тағы да кездескен болатын. Жабық сессия бір жарым сағаттан аса уақытқа созылды. Кейіннен, Обаманың арнайы жоспарланған делегаттарды қабылдау шарасы орын алды. Сонымен қатар, АҚШ президенті дүйсенбі күні Индия премьер-министрі Нарендра Модимен және сейсенбі күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесетінін мәлімдеді.

Ал, Владимир Путин сессиядан кейін Мәскеуге аттанды. Ресейлік журналистерге берген қысқаша сұхбатында ол екі ел арасындағы қарым-қатынастың «өкінішке орай, өте төмен деңгейде» екенін айтты. АҚШ-тың қарама-қайшы көзқарастарына байланысты «біздің жұмысымыз, ең болмағанда, екі жақты негіз ретінде күшеюі керек деген шешімге келдік. Ендігі кезекте, тиісті механизмді бірге құруды жоспарлап отырмыз», - деді Путин мырза.

Назгүл Назар

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар