Жаңа автомобильдер 50 пайызға қымбаттайды

/uploads/thumbnail/20170708195039230_small.jpg

Алматыда жаңа көліктер  25 пайызға қымбаттап кеткен. Бұл туралы «Қамшы» порталы  "Алматы" телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.Автосалондар қазір темір тұлпар тізгіндеуге келгендерге жаңа баға ұсынып жатса керек.   Шетелден келген көлік құнын 25 пайызға өсіріп сатып жатыр. Ол аз десеңіз, саудагерлер жыл соңына дейін темір тұлпар бағасын 50 пайызға дейін өсірмек. Отандық көліктер де кезек күттірмей қымбаттайтын көрінеді. Демек, жеңілдетілген несиемен берілетін автомашиналардың да бағасы өсуі мүмкін.

"Жыл соңына дейін елімізде темір тұлпар бағасы бірден 50 пайызға дейін қымбаттамақ. Қазірдің өзінде Қазақстан автодилерлері көліктерді доллардың жаңа бағамымен есептеуде. Мәселен, осыдан бірер апта бұрын ғана 2 миллион 800 мың теңгеге бағаланған көлік қазір бақандай 4 миллион теңгеге саудаланып жатыр", - дейді тілшілер.

Қазіргі кезде автодүкендерде ең қымбат деген көліктерге сұраныс көп көрінеді. Себебі, саудагерлер қымбат темір тұлпарлардың құнын өсірмей әлі бұрынғы бағада сатуда екен.

Өткен жылы Ресей рублінің құлдырауынан кейін Қазақстанның көлік нарығы тұралап қалған еді. Дилерлер сол кездегі батқан шығынын енді осылайша көліктерді қымбаттату арқылы өндіріп алмақ. Осы орайда бағаны отандық автоөндірушілер де ұстап тұра алмауда. Кia - 32 пайызға, Chevrolet - 29 пайызға, Skoda - 25 пайызға қымбаттапты. "Көліктерді жинауға арналған бөлшектердің көбі шет елден импортталады. Сондықтан отандық көліктердің бағасын көтеруден басқа амал жоқ. Мысалы, саудагерлер 10 мыңға алған көлігін 7 мыңға сата алмайды ғой", - деді Тәуелсіз автобизнес қауымдастығының өкілі Мақсат Мейірманов.
 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар