Қазақстан футбол Федерациясы жаңа бас жаттықтырушы іздестіруде. Бұл орынға лайықты үмітеркерлердің бірі Валерий Газзаев деп хабарлайды vesti.ru сайты.
Ресей құрама командасының және мәскеулік ЦСКА-ның бұрынғы бас жаттықтырушысы Валерий Газзаев бұл ұсынысқа келісуі үшін Қазақстан жыл сайын кемінде 3 млн доллар төлеп отыруға міндетті.
Мәскеулік ЦСКА, киевтік "Динамо" мен Ресей құрамасы аяқдопшыларын тәрбиелеуде еңбегі бар 59 жастағы маман: қазірде владикавказдық "Алании" құрамасының президенті қызметін атқаруда. Сонымен қатар, ол Біріккен футбол лигасы оргкомитетінің президенті.
Пікір қалдыру