Грант үшін жалған зерттеу жасаған профессор

/uploads/thumbnail/20170708151133969_small.jpg
Айова штаты университетінің биомедицина саласының профессоры Донг-Пай Хан  19 миллион доллар көлеміндегі грантты ұтып алуы үшін ЖИТС-ке (СПИД) қарсы екпені дайындау туралы зерттеулердің нәтижесін жалған ақпараттармен берген деп хабарлады "Нью-Йорк Пост" газеті. nuovo_farmaco_cancro

Профессор қоянның сарысуына адам қанының қоспасын, ВИЧ-ке қарсы тұра алатын заттармен біріктіріп, қорытындысында жалған әсерге қол жеткізген. Бұл жердегі негізгі зат қоянның іріткісі болып отыр.

Мұндай әдіспен емдеу тәсілдері туралы зерттеулер 2010-2012 жылдары ғылыми басылымдарда жаппай жарияланған болатын. Донг-Пай Хан мен оның зерттеушілікпен айналысқан тобы мемлекеттен өз дегендеріне жетіп, грант ұтып алды. Бірақ, кейінірек, тексерулердің барысында профессормен бірге қызмет атқарғандар нәтиженің жалған екенін білгендігі белгілі болды. Дегенмен, өтірік білмегенсіп жүре берген.

Зерттеудің жалған екендігі басқа мемлекет ғалымдарының осы тәсілді қайталамақ болғандағы жұмыстары кезінде белгілі болды. Американдық профессорға өз кінәсін мойындап, кәсібін тастап кетуге тура келді.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар