Бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында Астана қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетов өз жалақысының мөлшерiн жария етiп, жаңа жылды қалай қарсы алатынымен бөлiстi, деп хабарлады BNews.kz тiлшiсi.
«Менің жалақым өзге әкімдер тәрізді 650 мың теңге көлемінде. Астанаға келгелі 5 жыл болды. Келгеннен бері бір ғана қызметтік көлікті пайдаланамын. Елордаға әкім болған кезде 3 жыл қатарынан пәтер жалдадым. Кейін Алматы қаласындағы пәтерімді сатып, Астанадан жеке үй салып алдым», - дедi Тасмағамбетов.
Сонымен қатар Елорда әкiмi жаңа жылды өз отбасының ортасында қарсы алатынын айтты.
«Мен жаңа жылда отбасыммен бірге боламын. Немерелерімнің ортасында болғанды жөн санаймын», - деп толықтырды ол.
Пікір қалдыру