Мемлекеттік бағдарламалар ақтөбелік кәсіпкерлерге қалай көмектесіп жатыр

/uploads/thumbnail/20170708195756772_small.jpg

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалы аймақтың БАҚ өкілдерін «БЖК-2020» және «Даму-Өндіріс»  (өңдеу өнеркәсібіндегі жеке кәсіпкерлер үшін) бағдарламалары бойынша әртүрлі мемлекеттік қолдауға ие болған бизнес құрылымдармен таныстырды. Бұл туралы Қамшы порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Источник» ЖШС 2015 жылы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасынаның қатысушысы болды. 2005 жылдан бастап кәсіпорын «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарын төсек-орын жинақтарымен қамтамасыз етіп, кір жууымен ғана айналысты. Осы жылдың басынан бері кәсіпорынның қызмет түрі кеңейді, енді ол төсек-орындарды - матрастар, көпшік, жамылатын көрпе, төсек-орын сатып алды. 2015 жылы «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктен 80 миллион теңгеге несие желісі ашылды. Мемлекет несие мөлшерлемесін субсидиялады, яғни 14 пайыздық мөлшерлеменің 7 пайызын төлейтін болды. Сондай-ақ мемлекет кепілдің 50 пайызына дейін немесе 6,2 млн. теңгеге кепілдік берді. Соның нәтижесіндпе несие алып, өндірісті кеңейткеннен кейін мұнда 25 жаңа жұмыс орны ашылды, ал жұмыс жасаушылардың саны 90 адамға жетті.

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасынг «Лұқманова Г.А.» жеке кәсіпкері де пайдаланды. Кәсіпкер орайтын ПЭТ-ленталар өндірісі жабдықтарын сатып алуға несие алды. Батыс Қазақстандағы бірден бір осындай өндіріс 2014 жылдың басында ашылды. Желінің өнімділігі тәулігіне 280 мың метрді құрайды.

 «Қазіргі кезде кәсіпорын өз өнімдерін Ақтөбе облысының кірпіштер мен газоблоктар шығаратын «Экотон-Батыс», «Вибромастер Қазақстан», «Ситал-2», «АЗФ», «СБС» сияқтыі зауыттары мен жеке кәсіпкерлерге және басқаларына жеткізеді. Біздің өнім 100 пайыз жергілікті шикізаттан шығарылады, біз енді ресей нарығына шығуды жоспарлап отырмыз», - дейді кәсіпорын директоры Альтаир Лұқманов.

 «Ал «УрТоргСтрой» ЖШС 2014 жылы «Даму-Өндіріс» мемлекеттік бағдарламасына қатысушы болды. Кәсіпорын жиһаз және құрылыс материалдары өндірісімен айналысады. Жабдықтар және көлік сатып алуға жылдық 6 пайызбен 12 млн. теңге несие рәсімдеп, ЖШС кепіл бойынша мемекет кепілдігіне ие болды. Жабдықтардың өнімділігі күніне 18-20 текше метр газоблоктар, онда 6 адам жұмыс істейді. Толық өндірістік қуатына жеткен соң жұмыс орындарының саны екі есе ұлғаймақ.

 «Бұрын біз тақтатастар шығаратынбыз, енді газоблоктар шығаруға көштік. Бұл өте жақсы мемлекеттік бағдарлама деп санаймын. Кәсіпкерлерге мықтап көмектесіп тұр», - дейді ЖШС директоры Қадыр Байтөбетов.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар