Жергілікті бюджет 6 салық түрімен қаржыландырылатын болады - Қ. Өскенбаев

/uploads/thumbnail/20170708195757491_small.jpg

Бүгін Парламент Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кезекті отырысы өтіп, онда «Жергілікті өзін өзі басқару туралы» заң жобасы талқыланды. Аталған заң жобасын сенаторларға Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев таныстырып, ол 2018 жылдан бастап жергілікті бюджет 6 салық түрімен қаржыландырылатындығын атап өтті, - деп хабарлайды Қамшы порталы Baq.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

- Мемлекет басшысы бекітіп берген Ұлт Жоспарында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында біз «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздеп отырмыз. Оның асында қосымша тағы екі салық түрі жергілікті бюджет қарамағына беріледі деп күтілуде, - деді Қайырбек Айтпайұлы.

Айта кетер болсақ, жергілікті бюджет еншісіне осы кезге дейін төрт бірдей салық түрі берілген болатын. Олар: жер, мүлік, көлік және табыс салығы болса, енді оған қосымша заңды тұлғалардың көлік және жер салығын беріледі деп күтілуде.

- Міне, осы аталған салықтар жинақтала келе аудан бюджетінен жергілікті немесе ауыл халқының қажеттілігіне бөлінетін болады. Жоғарыда аталған төрт салықтың түрін биылдан бастап жергілікті бюджет еншісіне өткен болса, көктемнен бастап оған тағы екі салық қосылатын болады. Сондықтан да бүгінгі талқыланып жатқан заңның басты мақсаты, 2018 жылға қарай жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке бюджет беру және оның көлемін ұлғайту болып табылады, - деді баяндамашы.

Айта кетейік, бұдан бөлек заң жобасында жергілікті бюджетке бөлінген қаражатты жергілікті халық әкімдермен және мәслихат депутаттарымен кеңесе отырып, ашық түрде игерілуін бақылайтын болады деп нақтыланған. Сонымен қатар, халық ақылдаса отырып, өз әкімдерін тағайындап немесе орнынан босату тетіктері де аталған құжатқа арқау етілген.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар