Алматыда жаңа эстакаданың құрылысы басталды

/uploads/thumbnail/20170708195757991_small.jpg

Алматыда Солтүстік шеңбер мен Бөкейханов көшелерінің қиылысындағы екі деңгейлі эстакаданың құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң жолда жүру шекті жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін ұлғайтылады. Бұл туралы Қамшы порталы BNews.kz.-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Жаңа жол айрықтың құрылысы басталды: төменгі қабатында айналма жол, үстінен тас жол өтеді. Қазір фундаментін қалап, білік қағу жұмыстары жүріп жатыр, жер асты жаяужолдарын, Үлкен Алматы арнасы арқылы өтетін шағын көпірлер салуға кірістік", -деп хабарлады Алматы қаласы Автокөлік жолдары басқармасы бастығының орынбасары Ғани Мырзаханов.

Оның айтуынша, құрылыс жұмыстары мерзімінен бұрын жүріп жатыр. Жаңа көпірді келесі жылдың соңында ашу көзделген. Биылғы жылға белгіленген жұмыстарды жүргізу үшін 800 млн теңге бөлінді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар