Қазақ, орыс тілдерін қатар дамытуды көздейтін Сүлейменовтың партиясы тіркеудің алғашқы сатысынан өтті

/image/2023/02/01/crop-2_20_278x495_439459ad24c3e4352e7337672c809c8c-small.jpg
 
Ақын Олжас Сүлейменов құрғалы жатқан "Қазақстанның халық конгресі" партиясының ынталы тобы Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Бұл туралы ынталы топ мүшесі Нұрлан Жазылбеков мәлім етті, деп жазады Forbes.kz сайты.
 
Нұрлан Жазылбековтың айтуынша, бастамашыл топ кеше, 31 қаңтарда тіркелген. Енді құрылтайға дайындалып жатыр.
 
Былтыр мамырда Олжас Сүлейменов Қазақстан саяси алаңында 1992-1995 жылдар аралығында жұмыс атқарған "Қазақстанның халық конгресі" қоғамдық бірлестігімен аттас партия құратынын хабарлаған.
 
Ақын партия жұмысы тіл меселесі мен жер иелену құқығына бағытталатынын атап өткен. Ол бүгінде бірде-бір мемлекет монотілді бола алмайтынын, Қазақстан да қазақ тілі мен орыс тілін қатар дамытуы керектігін айтқан. "Украина орыс тілін мемлекеттік тіл статусынан айырамын деп мемлекеттілігінен айырылып қала жаздады, біз бұны ескеруіміз керек" деген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар