Қаңтарда көкеністер мен шаруашылық заттар айтарлықтай қымбаттап, тұрмыстық техника арзандаған

    Қамшыгер
    Қаңтарда көкеністер мен шаруашылық заттар айтарлықтай қымбаттап, тұрмыстық техника арзандаған Коллаж

    Ұлттық статистика бюросы қаңтардағы инфляция деңгейі туралы ақпарат жариялады. Бюро мәліметінше, өткен айда азық-түлік тауарлары – 1,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,9%, ақылы қызметтер 0,7% өскен.

    Азық-түлік тауарлары арасында көкөніс бағасы айтарлықтай қымбаттаған, қияр – 22,4%, пияз – 16,7%, қызанақ – 8,8%, тәтті бұрыш бағасы 6,5% өскен. Сондай-ақ күріш 2,9%, ұнтақ жармасы, балық, қара бидай наны, жұмыртқа, сұлы жармасы, айран, тауықтың төс еті, сүт, тұзды iрiмшiк, жемістер, ауыз су 2 пайызға жуық қымбатаған. Қант  керісінше сол мәнге жуық арзандаған.

    Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде қаңтарда бағаның ең көп өсуі жуу және тазалау құралдарына байқалды. Мәселен, өткен аймен салыстырғанда кір жуғыш ұнтақ – 3,9%, ағартқыштар – 3,5%, ыдыс жууға арналған құралдар – 3%, кір сабын 2,7% өсті. Тұрмыстық техника бағасы, керісінше, түсті, мәселен, шаңсорғыш –  1,6%, қысқа толқынды пеш – 1,3%, ас үй плитасы 1,1% арзандады.

    Өткен айда ақылы қызметтердің бағасы 0,7% өсті. Бағалардың өсуі нотариус қызметтеріне – 12,6%, күндізгі стационарда емделу – 5,2%, жерлеу бойынша ритуалды қызметке – 4,7%, стоматологиялық қызметтерге 2,5% байқалды. Коммуналдық қызметтер бойынша қоқыс шығару тарифтері – 2,8%, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған төлем – 1%, орталықтан жылыту 0,8% өсті, ал тарифтің төмендеуі – су бұру қызметіне байқалды – 0,2%.

    Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Ақтөбе облысында – 1,7% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төменгі – 0,7% Алматы облысында тіркелді.

    Қатысты тегтер :

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025